Жұмыс орны ашылатын болады

Құны 11,5 млрд. теңгені құрайтын «Huadian» компаниясының күн электрстанциясы жобасы іске қосылған соң жергілікті тұрғындар үшін 20 жұмыс орны ашылатын болады. Қуаттылығы 33,3 Мвт.
Сондай-ақ, «Uranus Wind» ЖШС-мен құны 16,5 млрд. теңгені құрайтын жел электр станциясын таныстыру салтанатты рәсімі өтті. Қуаттылығы 50 Мвт.
Салтанатты іс-шарада облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев: «Бүгін біз энергетика жүйесін реформалау қарсаңында тұрмыз. Қазіргі таңда облыс аумағында жалпы қуаттылығы 89 МВт болатын 9 күн электр станциясы жұмыс жасайды, оның ішінде 3-уі ірі шетелдік инвесторлардың қатысуымен іске асырылды.
Облыс орталығында түркиялық «Акса Энерджи» компаниясының қатысуымен 215 млрд.теңге құрайтын қуаттылығы 240 мегаваттық заманауи жылу электр орталығының құрылысы жүргізілуде.
Жаңа жылу электр станциясы – тәуелсіздік жылдарындағы инвестор қаржысына салынатын ең ауқымды, теңдессіз жоба.
Бұл жобалар электр энергиясына деген қажеттілікті қамтамасыз етіп қана қоймай, жаңа индустриялық жобаларды іске асыру үшін бос қуаттылықтар құруға мүмкіндік береді»- деп атап өтті.
Сондай-ақ, жоба бастамашылары жұмыстарына сәттілік тілеп, сенім артатынын жеткізді.