» » Сыр елінде жаңа жылу - электр орталығының капсуласы салынды

Сыр елінде жаңа жылу - электр орталығының капсуласы салынды

Республиканың тек екі аймағында ТМД елдерінде теңдесі жоқ заманауи жаңа жылу электр орталығы салынбақ. Алғашқысы - Сыр елінде бастау алды.

Бүгінге дейін Қызылорда қаласындағы электр жылу орталығы 50-60 жылдан бері үздіксіз жұмыс жасайды. Сондықтан электр желілерінің де әбден тозығы жеткен. Бұл сөзсіз электр жүктемесіне салмақ салады. Өзекті мәселелерді өз уақытында назарға алған аймақ басшысы Энергетика министрлігімен тиісті жұмыстарды атқарып, бірлескен түрде оңтайлы шешім қабылдады. Таяуда ғана қос тарап бірлескен меморандумға қол қойған еді. Ал, бүгін игілікті қадамның жалғасы ретінде облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен «Акса Энерджи» компаниясының атқарушы комитетінің төрағасының орынбасары Коркут Озтуркмен Сыр елінде бұрын-соңды болмаған заманауи үлгідегі электр орталығының құрылысы басталатын жерге капсула салу рәсіміне қатысты.

Аймақ басшысы Президенттің тапсырмасына сәйкес мұндай ірі жобаның тек өңір үшін ғана емес республикаға маңызы бар екенін тілге тиек етті.

- Мемлекет басшысы оңтүстік өңірлерді үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында 3 жыл ішінде қуаттылығы 1000 мегаваттан астам электр станцияларын салуды тапсырды. Осы тапсырма аясында заманауи қондырғылар республиканың екі аймағында ғана салынады. Алғаш болып, біздің аймақта жүзеге асуда. Құны 215 млрд.теңгеден асатын жоба 36 ай ішінде аяқталады. Осылайша электр станцияны 2025 жылы ел игілігіне табыстайтын боламыз. Аймақ игілігіне арнап салынатын жаңа нысанның іске асуына ұйытқы болған Энергетика министрлігіне және мүдделік танытқан компания басшысы Коркут Өзтүркмен мырзаға барша Сыр жұртшылығының атынан шынайы алғысымызды жеткіземіз,-деді аймақ басшысы Н.Нәлібаев.

Қуаттылығы 240 мегаватқа жететін жаңа нысан энергия жетіспеушілігін едәуір төмендетеді. Бұл Тәуелсіздік алған жылдары елімізде бюджеттен тыс қаржы көздерінен, яғни шетелдік инвесторлардың қаржысына іске асырылатын ең ауқымды теңдессіз жоба. Түрік компаниясының өкілі мұндай ауқымды жобаны іске асыру энергетикалық қауіпсіздікті және тарифті сақтауға мүмкіндік беретінін жеткізді.

- Қазақстан болашағы өте зор ел. Біз осы кезге дейін әлемнің бірнеше мемлекеттеріне энергетикалық бағытта ірі жобаларды іске асырдық. Енді Қазақстанда, оның ішінде Қызылорда өңірінде нысанды салуға ниеттіміз. Қызылордамен жасалған 15 жылдық келісім-шарт негізінде біз қаланың энергия мен жылу қажеттілігін қамтамасыз ететін боламыз. Бұл орталық энергетикалық қауіпсіздікті күшейтуге ерекше мүмкіндік береді,-деді Коркут Озтуркмен.

Игі іс-шарада мемлекет және қоғам қайраткері Бақберген Досманбетов бұл нысанды салу шешіміне келу халықтың көкейде жүрген мәселесін шешуге жол ашты деді.

- Әрине, қала тұрғындары үшін қанша жылдан бері жылуға, электр энергия бағытында қиындықтар туындап, әсіресе қыс мезгілінде проблемалар болатын. 60 жылдан бері қызмет етіп келген орталықтың әлеуеті жетпейтіні белгілі. облыс басшысының өз қаржысына ауқымды нысанды салуға ниетті инвесторды тауып, түрік бауырларымызды шақырғаны бүгінгі жиынның айғағы деп санаймын,-деді Бақберген Досманбетов.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

07 қыркүйек 2022 ж. 393 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 262

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 361

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930