» » Ел тілегі тыңдалды

Ел тілегі тыңдалды

Көмекбаев ауылында аудан әкімі жартыжылдықты қорытындылап, дәстүрлі есеп беру кездесуін өткізді. Жиын барысында аудан әкімі Жандос Еркінбек І жартыжылдықта жүзеге асқан жұмыстар туралы баяндама жасап, ауыл шаруашылығы, білім беру, денсаулық сақтау, жол жөндеу, ауыз су және газдандыру бағытындағы негізгі көрсеткіштерге тоқталды. Аудан көлемінде атқарылған ауқымды жобалардың нәтижелері мен алдағы кезеңге жоспарланған жұмыстар нақты деректермен баяндалды.

Көмекбаев ауылына қатысты бірқатар өзекті мәселелер де назардан тыс қалған жоқ. Ауыл әкімі Ғарышбек Нысанбаев ауылдағы инфрақұрылымды жаңғырту, елді мекен ішілік жолдарды жөндеу, әлеуметтік нысандарды жаңарту мәселелері бойынша нақты жоспарлармен бөлісті. Ауыл әкімі ауылдың әлеуетін арттыру үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылып жатқанын атап өтті.

Кездесу еркін форматта өтті. Ауыл тұрғындары сөз алып, өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салды. Әсіресе, ауыл шаруашылығын дамыту, жастарды қолдау, денсаулық сақтау қызметін жетілдіру, таза ауыз су мен жарық мәселесі кеңінен қозғалды. Әкім әрбір сұраққа нақты жауап беріп, көтерілген мәселелердің кезең-кезеңімен шешілетінін айтты.

Есеп беру жиыны Қуаңдария ауылында жалғасын тапты. Бұл – ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы кеңінен мәлімет беріліп, ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлері тыңдалатын маңызды басқосу.

Бірінші кезекте аудан әкімі Жандос Еркінбек атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы ілкімді жобалармен бөлісті. Мұнан соң ауыл әкімі Ардақ Аймырзаев баяндама оқып, алдағы уақытта атқарылатын жоспарларды тілге тиек етті.
Кездесу соңында ауыл ақсақалдары сөз алып, аудан басшысының елге сіңіріп жатқан еңбегіне алғыс білдіріп, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Есеп беру жиыны халық пен билік арасындағы ашық диалогтың көрінісіне айналды. Ең бастысы – елдің үні ескерусіз қалмай, нақты істерге негіз болатынына сенім артты.

«ҚТ» ақпарат
24 шілде 2025 ж. 285 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 269
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 426

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30