» » Төретамның тірлігі – нақты іспен, жарқын болашақпен

Төретамның тірлігі – нақты іспен, жарқын болашақпен

Халықпен ашық жүздесу – ел мен елдің, әкім мен тұрғынның арасын жалғайтын алтын көпір. Аудан әкімінің қатысуымен осындай мақсатпен 2025 жылдың І жартыжылдығы қорытындыланып, Төретам кентінің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша атқарылған ауқымды жұмыстар сарапқа салынды. Кент тұрғындарымен жүздескен аудан әкімі аудандағы атқарылып жатқан ірі жобалар мен игі бастамалар турасында сөз қозғады. Келесі кезекте кент әкімі Ғалымжан Елеусінов есептік баяндамасын оқыды.

Кент – тіршілігімен, табысымен, тынысымен дамып жатқан аймақ. Халық саны – 12 433 адамды құрайды. Оның ішінде 7244-і экономикалық белсенді, ал олардың 2781-і – ресми жұмыспен қамтылғандар. Өз бетінше табыс тауып отырғандар саны – 3361 адам болса, тіркелген жұмыссыздар – 124 адам ғана.

2025 жылы Төретам кентінің бюджеті 210 088,8 мың теңгені құрап отыр. Жергілікті кіріс жоспары – 94 070,0 мың теңге болып белгіленіп, жыл басынан бері 103 956,5 мың теңгесі орындалып, 49,6% игерілді. Маусым айындағы қаржы игеру көрсеткіші 100%-ды құрап отыр. Бұл – қаржылық тәртіп пен жауапкершіліктің айқын көрінісі.

Есептік кездесу соңы тұрғындар тарапынан ұсыныс айтылып, пікір тыңдалды.
23 шілде 2025 ж. 163 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 090
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 748

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031