» » МӘЖІЛІСМЕНДЕР ӨҢІР МӘСЕЛЕСІНЕ МӘН БЕРДІ

МӘЖІЛІСМЕНДЕР ӨҢІР МӘСЕЛЕСІНЕ МӘН БЕРДІ

Жыл сайын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары жазғы демалысқа шығып, еліміздің әр өңірінде тұрғындармен кездесуі үрдіске айналған. Олар енді өз жұмысын Парламент қабырғасында қабылданған заңдардың мән-жайын халыққа түсіндіріп, проблемалармен жақынырақ танысады.
Осыған орай жақында халық қалаулылары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Ергешбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Наурызбай Байқадамов пен Руслан Рүстемов жұмыс сапармен ауданға келді. Депутаттар аудан әкімі Жандос Еркінбек, «AMANAT» партиясының Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмахановпен бірге Дүр Оңғар ауылында болып, алдымен «Жаңажол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің егіс алқабымен танысты.
Шаруашылық басшысы Орынбасар Төлепов күріш алқаптарының жай-күйін меймандарға көрсетіп, шаруашылықтарда қашыртқы суларын екінші рет пайдалану арқылы егін алқаптарын сумен қамтамасыз ету тәжірибесін түсіндірді. Бүгінде күріш алқаптары толығымен суда тұр. Депутаттар еліміздегі шаруашылықтарға су жеткізу мәселесі өзекті болып отырғанын айтып, Президент тарапынан тапсырмалар беріліп, мәселелер бақылауда екенін жеткізді.
Мұнан соң ҚР Парламентінің өкілдері серіктестікке қарасты алма бақтардың жұмысын көрді. 2023 жылы шаруашылық 5 гектар жерге 8600 түп алма сорттарын тамшылатып суару арқылы еккен болатын. Көшеттер Жамбыл облысы, Мерке ауданының арнайы алма өсіретін тұқым бағынан алынған. Атап айтқанда, голден делишес, старкримсон, мельба, столовка, қызылай сорттары. Жемістерді тамшылатып суару технологиясы заманауи тәсілдерге негізделіп, су үнемдеу мен өнімділік көрсеткіштерін арттыруға бағытталған. Жалпы суару жүйесі Израиль елінің технологиясын пайдалана отырып орналастырылған. Бүгінде бақтағы ағаштардың бірқатары жеміс беруде. Ал 2017 жылдан бастап 4,5 гектарға егілген 1521 түп алма ағашы өнім беріп, ауыл тұрғындары қажетіне қарай тұтынуда. Халық қалаулылары мұндай нәтижелі жұмысқа оң баға беріп, шаруашылық ісіне сәттілік тіледі.
Мұнан кейін депутаттар «Жаңажол» серіктестігінің қырманында болып Дүр Оңғар, Иіркөл және Төребай би ауылдарындағы газдандыру жобаларына арналған стендтік таныстырылымға қатысты. Ауылдарды газдандыру бүгінде аудандағы атқарылып жатқан ауқымды жобалардың бірі болып табылады. Қазіргі таңда елді мекендерге газ құбырлары мен орамішілік желілер тарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Депутаттарға жобаның кезеңдері мен қаржыландыру көздері жөнінде тиісті сала мамандары ақпарат берді.
Жұмыс сапары аясында Парламент мүшелері инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуы мен ауылшаруашылығы саласындағы өзекті мәселелерге назар аударып, ұсыныстарын білдірді. Ауыл ақсақалдарымен ашық пікір алмасып, ел ішіндегі түйткілді мәселелер мен нақты ұсыныстарды тыңдады.
– Біз, депутаттар өңірлерді аралап, ондағы өндірістік жобалармен танысып, экономикалықәлеуметтік саладағы қалыптасқан жағдайды көзімізбен көріп келеміз. Өткен ай соңында «AMANAT» партиясы фракциясының жиынында Мәжілістегі сегізінші шақырылымының үшінші сессиясында атқарылған жұмысты қорытындыладық. Қабылданған заңдардың саны мен шешілген мәселелердің ауқымы жағынан алып қарайтын болсақ, саяси тұрғыда мазмұнды болды. Қабылданған бастамалар экономика, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, цифрлық инфрақұрылым және азаматтардың құқықтары секілді салаларды қамтыды. Біздің мақсат – ең алдымен халыққа берген сайлауалды уәдемізді орындау. Билік пен халық арасындағы байланысты нығайту. Елдегі әрбір бағытталған сапар тек тексеру емес, халықты тыңдау мен түсіну, бағалау мен бастама көтеру, – деді Мұрат Ергешбаев.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
20 шілде 2025 ж. 130 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930