» » ПАРЛАМЕНТ ДЕПУТАТТАРЫ ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДАҒЫ АГРАРЛЫҚ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАРМЕН ТАНЫСТЫ

ПАРЛАМЕНТ ДЕПУТАТТАРЫ ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДАҒЫ АГРАРЛЫҚ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАРМЕН ТАНЫСТЫ


ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Байқадамов Наурызбай Сейтқалиұлы мен Рүстемов Руслан Рүстемұлы, сондай-ақ ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ергешбаев Мұрат Нәлқожаұлы жұмыс сапарымен Қармақшы ауданына келді.

Сапарға Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбек, «AMANAT» партиясының Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов және салалық құрылым басшылары қатысты.

Депутаттар алдымен Жаңажол ауылдық округіндегі «Жаңажол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің егіс алқаптарында болды. Мұнда олар күріш алқаптарының жай-күйі мен бақша дақылдарының өсірілу барысымен танысты. Сонымен қатар, шаруашылықтарда қашыртқы суларын екінші рет пайдалану арқылы егін алқаптарын сумен қамтамасыз ету тәжірибесі көрсетілді.

Сапар барысында ҚР Парламентінің өкілдері серіктестікке қарасты алма бағының жұмысын көріп, тамшылатып суару технологиясының қолданылуымен танысты. Аталған технология заманауи тәсілдерге негізделіп, су үнемдеу мен өнімділік көрсеткіштерін арттыруға бағытталған.

Мұнан кейін депутаттар Дүр Оңғар, Иіркөл және Төребай би ауылдарындағы газдандыру жобаларына арналған стендтік таныстырылымға қатысты. Жоба аясында ауылдық елді мекендерге газ құбырлары мен орамішілік желілер тарту жұмыстары жүргізілуде. Депутаттарға жобаның кезеңдері мен қаржыландыру көздері жөнінде тиісті сала мамандары ақпарат берді.

Жұмыс сапары аясында Парламент мүшелері инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуы мен ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелерге назар аударып, ұсыныстарын білдірді. Сонымен қатар, халықтың өмір сүру сапасын арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.

16 шілде 2025 ж. 215 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 121

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930