» » ЕЛ БОЛАШАҒЫН БАЯНДЫ ЕТУДІҢ КЕПІЛІ

ЕЛ БОЛАШАҒЫН БАЯНДЫ ЕТУДІҢ КЕПІЛІ

ҚР Конституциясы бойынша қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне ие және елдегі қоғамдық өмірдің барлық саласында қолданылуы тиіс. Алайда сот жүйесінде мемлекеттік тілдің қолданысы толық деңгейде қамтамасыз етілмегені байқалады. Бұл мәселе құқықтық жүйенің тиімділігіне, азаматтардың мемлекеттік тілде құқықтық көмек алу үшін мүмкіндігіне және жалпы тіл саясатының жүзеге асуына тікелей әсер етеді. Мемлекеттік тілдің сот жүйесіндегі қолданылуын кеңейту – бұл тек құқықтық ғана емес, әлеуметтік мәдени және мемлекеттік маңызы бар міндет. Соттарда мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту ел азаматтарының құқықтарын қорғауға деген сенімін арттыруға, сотқа қолжетімділікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ ұлттық бірлікті нығайтуға мүмкіндік береді. Қазақстанда сот процесінің мемлекеттік тілде өтуі заңнамалық тұрғыдан бекітілген.
Конституцияның 7-бабында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қолданылатыны айқын көрсетілген. Сонымен қатар «Тіл туралы» және «ҚР сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» заңдарда да мемлекеттік тілдің сот органдарында қолданылуына қатысты талаптар бар.
Сот жүйесіндегі мемлекеттік тілдің қазіргі жағдайына тоқталсақ, Қазақстандағы сот өндірісі заңнамаға сәйкес қазақ, орыс және кейбір жағдайларда басқа тілдерде жүргізіледі. Бұл көптілдік құқықтардың теңдігін қамтамасыз етуге бағытталғанымен, қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесінде толық қолданылмай отыр. Статистикалық деректер сот істерінің едәуір бөлігі орыс тілінде жүргізілетінін көрсетеді.
Байқап жүргеніміздей, мекеме заңгерлері, адвокаттар арыздарды орыс тілінде рәсімдеуге әуес. Себеп ретінде, өзі ойын айқын жеткізу үшін істің орыс тілде қаралғаны ыңғайлы екенін алға тартады. Соның салдарынан бүгінде сот отырысына қатысатындардың барлығы қазақ болғанына қарамастан, іс орыс тілінде жүргізіліп жататын жайттар да кездеседі. Мұндай жағдай орын алмас үшін, тілге қатысты талапты мейлінше жоғарылатып, мемлекеттік тілге деген жанашырлықты, сүйіспеншілікті орнықтыру қажет.
Қ.МЫХАНОВ,
аудандық сот төрағасы
19 шілде 2025 ж. 132 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№55 (10423)

26 шілде 2025 ж.

№54 (10422)

22 шілде 2025 ж.

№53 (10421)

19 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 141
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031