“ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ УРБАН ФОРУМЫ 2025 – ҚЫЗЫЛОРДА”
Қызылорда жол ашып берді: UN-Habitat қолдауымен өткен Қазақстанның алғашқы Ұлттық Урбан форумына әлемнің түрлі елдерінен сарапшылар жиналды.
Қызылорда қаласы өңірлер, мемлекет және әлемдік қоғамдастық Қазақстанда алғаш рет жанды, өзгермелі жүйелер ретіндегі қалалар туралы сөз қозғаған кеңістікке айналды, ал бұл қалалардың орталық өзегін құраушы әрине, адам. 8 шілдеде мұнда бірінші Ұлттық Урбан Форумы өтті , оны ұлттық урбанистикадағы жаңа тарауды бастаған оқиға деуге лайық.
Форумды Қызылорда облысының әкімдігі UN-Habitat қолдауымен және Экология және табиғи ресурстар министрлігімен, Сыртқы істер министрлігімен, Индустрия және құрылыс министрлігімен, «Vision Zero Community» Қоғамдық Қорымен және ARCHICA халықаралық архитектуралық медиа платформасымен серіктестікте ұйымдастырды.
Форум алаңшаларына сәулетшілер, урбанистер, мемлекеттік құрылымдардың, халықаралық институттардың, азаматтық қоғам мен бизнестің өкілдері жиналды.
Талқылаудың басты тақырыбы қалаларды тұрақты, инклюзивті және климатқа бейімделген кеңістіктерге айналдыру болды. Бұл өзгерістерді жүзеге асыруда аймақтардың рөліне басты назар аударылды.
«Біз бұл форумның дәл осы Қызылорда өткізілігендігін мақтан тұтамыз. Бұл маңызды сигнал: өңірлер өзгерістер драйверлеріне айналуда», – деп атап өтті Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өзінің құттықтау сөзінде, ол қала құрылысы туралы сөз етілгенде әңгіменің тек бетон мен жолдар туралы емес, жайлылық, теңдік және тұрақты болашақ туралы қозғалатындығын айтты.Экология министрі Ерлан Нысанбаев өз сөзінде еліміздің әлеуметтік және экономикалық жүйесіндегі қалалардың рөлін түсінбейінше тұрақты дамудың мүмкін еместігін айтты. «Кез келген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы қалалардың дамуымен тікелей байланысты. Бүгінгі форум-өңірлерді тұрақты дамытуға, урбанистік күн тәртібін жаңа деңгейге көтеруге және ортақ мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған маңызды қадам», – деді ол.
UN-Habitat-тың Орталық Азия бойынша өңіраралық кеңесшісі Катя Шефер модератор болған алғашқы сессиялардың бірі форумға гуманитарлық вектордың басымдығын айқындап берді. Оның айтуынша, қалалар тек кеңістік қана емес, сонымен қатар эмоциялардың, қажеттіліктердің, қауіпсіздік пен тиістілікті сезіне алу сезімдерінің көрінісі. Адамға бейімделмеген урбанистика мағынасынан айырылады.
UN-Habitat-тың Жаһандық шешімдер бөлімінің директоры Рафаэль Тутс Қазақстан өзін жаһандық урбан қозғалысының белсенді қатысушысы ретінде сенімді түрде көрсетіп отырғандығын атап өтті: «Қала-болашақтың айнасы. Егер біз бүгінгі күнде әділ және тұрақты дамудың негізін қаламасақ, ертең дағдарыстарға тап боламыз. Қазақстан тек үйренуге ғана емес, өз шешімдерімен бөлісуге де дайын екенін көрсетіп отыр».
Форум тек талқылау ғана емес, сонымен қатар Гарри Доббс (Ұлыбритания), Риккардо Марини (Ұлыбритания/Италия), Юрий Милевский (Ресей/Ұлыбритания), Мария Скрябина (Саха республикасы) сияқты танымал урбанистер мен сәулетшілер қатысқан халықаралық сарапшылармен тәжірибе алмасу алаңына айналды.
Шараға қатысушылар климаттық өзгерістердің тәуекелдеріне , әсіресе елдің оңтүстік және батыс өңірлері үшін өзекті мәселелеріне ерекше назар аударды. Қалалардың тұрақтылығын арттырудың практикалық қадамдары талқыланды, оның ішінде табиғи шешімдерден бастап цифрлық басқару платформаларына дейінгі мәселелер сөз етілді.
Аймақтық урбанизацияға арналған сессияда Катя Шефердің негізгі тезисі мынадай болды: «Дамуды орталықтандыру мүмкін емес. Біз әртүрлі адамдар үшін бірдей қалалар сала алмаймыз». Спикерлер нақты құралдарды ұсынды, оның ішінде цифрлық кадастрлар, деректерге қолжетімділік, климат пен мәдениетке сезімтал сәулет және тұрғындардың қалалық ортаны қалыптастыруға қатысу мысалдары.
Форумның қорытынды тақырыбы қалалардың климаттық тұрақтылығы болды, бұл мәселе әсіресе жазғы кезеңде жоғары температура, су тапшылығы және жергілікті тұрғындардың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін шөлейттену процестері байқалатын Қазақстанның оңтүстігі жағдайында аса өзекті мәселе. Форумға қатысушылар адаптивті архитектураның, микроклиматтық аймақтаудың, сонымен қатар жасыл дәліздер, суды ұстап қалу жүйелері және экожүйелерді қала құрылысына интеграциялау сияқты табиғи шешімдердің қажеттілігі туралы айтты.
Сарапшылар Қызылордадағы форум жай ғана оқиға емес, абстрактілі тұжырымдамалардан – нақты шешімдерге, орталықтандырылған жоспарлаудан – өңірлік диалогқа жеткізген қалалық саясат ұстанымын ілгерлетудің нағыз маркері болғанын мойындады. Қазақстан халықаралық урбанистік қозғалысқа қосылып қана қоймай, өзегін қоғам, климат және әділ даму құрайтын бірегей күн тәртібін қалыптастыруға дайын ел ретінде танытты.
Іс-шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, форумның қорытындысы жаңа стратегиялық бастамаларға негіз болады, ал Қызылорда енді географиялық қана емес, сонымен қатар Қазақстандағы қалалық ортаны маңызды түрде түрлендірудің мазмұнды орталығына айналды.
«Бүгінгі күнде Қызылорда Форум өткізген орын ғана емес, бүкіл ел үшін жаңа іс-қимыл кезеңі бастау алатын нүкте . Біз UN-Habitat халықаралық урбанистикалық диалогқа лайықты дәрежеде қатыса алдық, енді Қазақстан ұлттық және аймақтық қалалық форумдар желісінің картасында ресми түрде өз орнын ойып алып отыр. Біз үшін бұл үрдістің әріптесі болу үлкен құрмет, және қалаларымыздың тұрақты болашағы үшін бірлескен жұмысты жалғастыруға дайынбыз, – деді ARCHICA негізін қалаушы, Креативті индустриялар альянсы басқармасының мүшесі Индира Махметова.
Форумды қорыта келе, Vision Zero Community ҚҚ жетекшісі, урбанистика және қаланың тұрақты дамуы саласындағы сарапшы Ерқанат Зайтов былай деп қосты: «Осындай маңызды форум тарихи және мәдени мұрасы мол Қызылорда қаласында өтіп жатқанын мақтан тұтамын. Дәл осы жерде 1925-1929 жылдары ҚазАССР-нің алғашқы астанасы болған, бұл жер дала мен қазақтың жан дүниесінің бейнесі саналатын Қорқыт Ата мен қобыздың отаны. Қызылорда-Қазақстанның әрбір өңірінің өзіндік бірегей әлеуеті бар екендігін дәлелдеді».