» » ҰЛТТЫҚ УРБАН ФОРУМЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ ҚЫЗЫЛОРДАНЫ АРАЛАДЫ

ҰЛТТЫҚ УРБАН ФОРУМЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ ҚЫЗЫЛОРДАНЫ АРАЛАДЫ


Ұлттық Урбан форумы - қала мәселелеріне және урбанистикаға арналған ауқымды диалог алаңы. Биыл бұл форум Қызылорда қаласында өтеді. Бүгін форумға қатысушылар Қызылорданың бірқатар әлеуметтік, мәдени және спорттық нысандарын аралап шықты.

Сапар қайта жаңғыртудан өткен орталық алаңнан басталды. Мұнан соң форум қонақтары қалалық мәдениет және демалыс паркіндегі жаңғырту жұмыстарының нәтижесін көрді. Сондай-ақ Тәуелсіздік даңғылымен жүріп өтіп, Сырдария өзенінің жай-күйімен де танысты.

Бұдан кейін форум делегаттары 11 мың орындық жаңа стадионның құрылыс алаңына барса, кейін жуырда ғана пайдалануға берілген физика-математика бағытындағы мектеп-интернаттың заманауи инфрақұрылымын көрді.

Қатысушылар үстел теннисі орталығының жұмысын да назардан тыс қалдырмады. Бұдан бөлек, облыстық тарихи-өлкетану музейі мен “Сыр жұлдыздары” шығармашылық-инновациялық академиясының қызметімен танысты. Қорытынды нысан ретінде “Анаға тағзым” рухани-танымдық орталығына арнайы аялдап, орталықтың мақсаты мен мазмұны жайында ақпарат алды.

Ұлттық форум аясында ұйымдастырылған бұл танысу сапары өз кезегінде қалалардың даму тәжірибесін зерделеп, урбанистика саласындағы тиімді жобалармен бөлісуге мүмкіндік береді.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

08 шілде 2025 ж. 226 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 121

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930