» » Облыс әкімі жаңа нысандар құрылысымен танысты

Облыс әкімі жаңа нысандар құрылысымен танысты


Сенбі күні облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қала аумағындағы жаңадан салынып жатқан нысандардың құрылыс жұмыстарымен танысты.

Алдымен аймақ басшысы сол жағалауға «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында бой көтеретін 900 орындық мектептің құрылыс алаңына барды. Келісім-шарт құны 5 млрд теңгеден асатын білім ордасының құрылысы өткен жылы басталған болатын, бас мердігер – «СК Дәнекер» ЖШС.

Еске салсақ, биыл облыста «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен 11 нысан бой көтермек.
Келесі нысан - 300 орынға арналған жатақханасы бар 400 орындық физика-математика бағытындағы мектеп-интернат. Заманауи ғимараттың іргетасы өткен жылы шілде айында қаланды, «Білімді қолдау қоры» есебінен салынуда.
Мұнан кейін облыс әкімі "Қан орталығына" барды. IV санатты, жылына 500-10000 донацияға арналған орталық құрылысы 2022 жылдың тамыз айында басталды, жоба-сметалық құны – 2,85 млрд теңге.

Әрі қарай Нұрлыбек Машбекұлы «Оқушылар сарайының» құрылысымен танысты. 350 орындық екі қабатты ғимараттың айналасына саябақ және демалыс аймағы салынады, нысан тамыз айында ел игілігіне табысталмақ.

Аймақ басшысы мердігерлерге құрылыс сапасын қатаң бақылауда ұстап, мерзімінде аяқтауды тапсырды.

©️Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

10 ақпан 2024 ж. 310 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (10459)

29 қараша 2025 ж.

№90 (10458)

25 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 001
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 677

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031