» » Облыс әкімі қаладағы нысандарды аралады

Облыс әкімі қаладағы нысандарды аралады

Жексенбі күні облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласындағы бірқатар нысандарды аралап, құрылыс алаңдарына барды.
Алдымен аймақ басшысы «Қорқыт ата» әуежайы терминалының құрылыс барысымен танысты.

Жерлесіміз, меценат "Болат Өтемұратовтың қоры" өңірде халықаралық стандарттарға сай заманауи терминал салуда. Қазіргі әуежай жылына 137 мың адамға қызмет көрсетсе, жаңа терминал іске қосылғаннан кейін 220 мың жолаушыны қабылдай алады. Ал жүк тасымалдау көлемі 150 тоннадан 240 тоннаға дейін ұлғаяды. Құны 25 миллион долларды, алаңы 7500 шаршы метрді құрайтын терминалда телескопиялық трап екі қабатты болады. Жолаушыларға, оның ішінде қозғалыс қабілеті шектеулі азаматтарға ыңғайлы болу үшін эскалаторлар мен лифттер қарастырылмақ. Жылдам әрі жайлы қызмет көрсету үшін өзін-өзі тіркеу бағандары, жүктерді беру және өңдеу автоматтандырылады. Терминал құрылысы 2024 жылы аяқталмақ. Ал әкімдік 5 млрд. теңгеге нысанның аумағын абаттандырып, қажетті инфрақұрылымды, атап айтқанда, су, жылу, кәріз, жарық, байланыс желілерін тартуда.

Облыс әкімі өңірдің негізгі әуе қақпасының заманауи сипатқа ие болуы қажеттігін айтты. Бұл ретте әуежай басшысына қор өкілдерімен бірлесіп, терминал құрылысына қажетті жұмысты үйлестіріп, уақытылы аяқтауды тапсырды.
Әрі қарай аймақ басшысы "Қызылорда су торабындағы" жөндеу жұмыстарымен танысты. Апатты жағдайдағы су торабына 2020 жылдан бері жөндеу жұмыстары жасалуда. Мердігер мекеме «Caspian Contractors Trust» ЖШС жұмысты алдағы желтоқсан айында аяқтайды деп жоспарлануда. Бөгетте 16 метрлік бес аралық бар, олар қақпалармен және апаттық-жөндеу шандорларымен жабылған.
Облыс әкімі Сұлтан Бейбарыс көшесінің абаттандыру жұмыстарын тамашалады.

Қазір көше алты жолақты. Айналасы тұрғындар үшін жайлы демалыс орнына, серуен жолына айналып абаттандырылды. Субұрқақтар орнатылып, орындықтар, автотұрақтар, жарық шамдары қойылды.

Мұнан әрі Нұрлыбек Машбекұлы Сұлтан Бейбарыс көшесіндегі Неке сарайының құрылысымен танысты. Жалпы аумағы 2 мың шаршы метрден астам зәулім ғимараттың құрылысы былтыр қыркүйекте басталған. Өткен жылдың тамыз айында іргетасы қаланған Неке сарайының құрылысы бітуге таяған. Негізгі қызметі жас жұбайлардың некесін салтанатты түрде қиюға, отбасы институтын қалыптастыруға, ұлттық тәрбиені дәріптеуге және ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталмақ. Алда пайдалануға берілетін жоба құны 1 млрд. 600 млн. теңгені құрайды.

Аймақ басшысы "Анаға тағзым" орталығының құрылысымен танысты. Нысан жақын арада халық игілігіне табысталмақ. Құны 1,5 млрд. теңгені құрайтын заманауи үлгідегі орталықта жас отбасыларға, балаларға ұлттық құндылықтарды дәріптеп, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді жаңғыртуға мүмкіндік берілмек. Жаңа нысанда қыз-келіншектерге арналған арнайы бөлмелер, тұрмысқа және қонақ күтуге баулу, аруларға жан-жақты психологиялық көмек беру кабинеттері болады. Мұнан бөлек, шығармашыл жандарға бағытталған әдебиет және поэзия, дизайн студиясы мен би орталығы және жас отбасыларға қызмет көрсету бөлмелері болады.

©️Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
04 қыркүйек 2023 ж. 216 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 279

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 374

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930