» » “Рақмет“ не “қайтардым“: мобильді аударымдағы түсініктеме салық тексерісіне әсер ете ме?

“Рақмет“ не “қайтардым“: мобильді аударымдағы түсініктеме салық тексерісіне әсер ете ме?

Мобильді аударым жасаған кезде "рақмет", "қайтардым" немесе "қарыз" сияқты түсініктемелерді көрсету қажет пе, бұл салық органдары тарапынан туындауы мүмкін сұрақтардан сақтануға көмектесе ме? Бұл сұраққа Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына жауап ретінде ведомство өкілдері мынаны хабарлады: Салық кодексінің 24-бабына сәйкес, екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар ақпаратты белгіленген нысандар бойынша ұсынады және ақша аударымдарына қатысты түсініктемелер көрсетілмейді.
"Осыған байланысты мемлекеттік кірістер органдары ақша аударымдарына қатысты хабарламалар мен ескертулердің мазмұнына қол жеткізе алмайды және көрсетілген түсініктемелер салықтық тексеру жүргізу кезінде заңды мәнге ие емес", – делінген комитеттің ресми жауабында.
Осылайша, Мемлекеттік кірістер комитеті мәліметіне, аударымға қандай да бір түсініктеменің бар-жоғы операциялардың салықтық бағалануына әсер етпейді.
10 шілде 2025 ж. 169 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 121

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930