» » Алматылық ғалымдар апорттың жаңа сортын өсіруде

Алматылық ғалымдар апорттың жаңа сортын өсіруде

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ғалымдары апорт алмасының жаңа көшеттерін өсіріп, таратуды қолға алды. Бұл жайында аталған оқу орнының Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Университеттің Қапшағай қаласының маңындағы агробиостанция кешені аумағын тиімді пайдалану, болашақ мамандардың білімін тәжірибемен ұштастыру бағытында қолға алынған бұл жобаның өнімі тек диқандар үшін ғана емес, сондай-ақ отандық биолог ғалымдар мен тұрғындар үшін де үлкен маңызға ие. Жаратылыстану факультетінің ғалымдарының айтуынша, әйгілі апорттың бұл сортының тәттілігі бұрынғыдан жоғары, жемісті ерте береді. Өнім түсімі мол. «Ресми деректерге сүйенер болсақ, алматылықтар жылына 17 мың тонна апорт жейді екен. Содан да болар, оңтүстік астана билігі уақтысында даңқы дүркіреген атақты апортты қайтадан көбейтуге тырысып жатыр. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыға келген сапарында алманың бұл түрін қайта жаңғыртуды нақты тапсырған болатын. Бүгінде осы бағытта бірқатар істер жүйеленіп, ауқымды жұмыстар жасалуда. Егерде қолға алынған жоспарлар мен жобалардың барлығы жүзеге асса болашақта Алматының атын шығарған апорт қайта түлемек. Біздің де басты мақсатымыз осыған саяды», - дейді Қыздар университетінің ғалымдары. Мамандардың пайымдауынша, апорттың азаюына негізгі себеп - экологиялық фактор. Сонымен қатар, апорт бақтарына арнайы сараптама жасалмай, аналық ағаштардың жүйесіз көбейтілуі де өз әсерін тигізуде. «Бұрын Іле Алатауының табиғаты аталған алма сортын өсіруге қолайлы болған-тын. Апорт теңіз деңгейінен 900-1200 метр биіктікте жақсы өседі. Өйткені, осы шамада қажетті жылуға жақсы қанығады. Ал соңғы уақытта жеміс ағаштарының өсу деңгейі тым төмендеп кетті. Осының әсерінен жылу артықтығы секілді түрлі факторлар алманың бұрынғы құнарлығын жоғалтты. Біз апорт көшеттерін өсіру барысында осыған баса мән береміз», - деп атап өтті биолог ғалымдар.
17 маусым 2018 ж. 946 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 040

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031