» » Білім грантын өтеу: оқу бітірген түлектерге нені білу керек?

Білім грантын өтеу: оқу бітірген түлектерге нені білу керек?

Қазақстанда мемлекеттік білім грантымен диплом алған әрбір түлек оны өтеуге міндетті. Алайда оны ұмытып немесе мерзімін кешіктіріп алып жатқан тұлғалар аз емес. Мемлекет демеушілігімен тегін жоғары білім алған азаматтардың алдында грантты өтеуде қандай міндеттер бар? Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі осы тақырыпта Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Жанна Есинбаевамен сұқбаттасты.
- Жанна Уақасқызы, Қазақстанда мемлекеттік білім грантын өтеуі қалай жүреді? Бакалавриат, магистратура, докторантура үшін.
- Мемлекеттік білім тапсырысы негізінде оқуын бітірген түлектердің жұмыспен өтеу мерзімі мен тәртібі "Білім туралы" ҚР Заңының 47-бабы 17-тармағына сәйкес және ҚР Ғылым және жоғары білім министрі бұйрығымен бекітілген. Жұмыспен өтеу міндеті ҚР азаматтарының келесідей санатына жүктеледі:
1) Заңның 26-бабының 8-тармағының 3) тармақшасында белгіленген квота шегінде педагогикалық, медициналық, ветеринариялық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқуға түскен ауыл жастары қатарынан шыққан азаматтар жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін меншік нысанына қарамастан, ауылдық жерде орналасқан тиісінше білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарында, ветеринария саласында қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бөлімшелерінде, ветеринария ұйымдарында, аграрлық бейіндегі ұйымдарда кемінде үш жыл жұмыспен өтейді;
2) Заңның 26-бабы 8-тармағының 6) тармақшасында белгіленген квота шегінде педагогикалық, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқуға түскен ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар қоныс аударуға арналған өңірлерде ЖОО бітіргеннен кейін кемінде екі жыл жұмыс істейді;
3) мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде педагогикалық және медициналық мамандықтарға түскен ҚР азаматтары ЖОО немесе денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарды бітіргеннен кейін кемінде үш жыл тиісінше білім беру ұйымдарында және денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыспен өтейді;
4) мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде басқа мамандықтар бойынша білім алған ҚР азаматтары ЖОО бітіргеннен кейін кемінде үш жыл меншік нысанына қарамастан ұйымдарда жұмыспен өтейді;
5) мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бейіні бойынша доктор бағдарламасы бойынша докторантурада білім алған ҚР азаматтары оқу мерзімі аяқталғаннан кейін кемінде үш жыл мемлекеттік органдарда, ЖОО, ғылыми ұйымдарда, ғылыми бөлімшелерде, "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымдарында, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында (жоғары колледждерде немесе училищелерде) жұмыспен өтейді;
6) мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде философия докторы (PhD) бағдарламасы бойынша докторантураға оқуға түскен ҚР азаматтары оқу мерзімі аяқталғаннан кейін кемінде үш жыл мемлекеттік органдарда, ЖОО, ғылыми ұйымдарда, ғылыми бөлімшелерде, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарында, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыспен өтейді.
- Білім грантын өтеуін кім бақылайды?
- "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес "Қаржы орталығы" АҚ білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы және өз құзыреті шегінде мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған түлектерді жұмыспен өтеу және жұмыс өтелмеген жағдайда олардың оқуына бюджет қаражаты есебінен жұмсалған шығыстарды өтеу жөніндегі өз міндеттерін орындауына мониторинг пен бақылауды қамтамасыз етеді.
- Білім грантын өтемақысы қанша уақыт?
- Мемлекеттік білім тапсырысы бойынша бітірген түлектерге үш жылдық / екі жылдық немесе мөлшерлес жұмыспен өтеу міндеті жүктеледі. Жұмыспен өтеу жөніндегі міндетті орындамағаны үшін өздерін оқытуға байланысты бюджет қаражаты есебінен жұмсалған шығыстарды «Қаржы орталығы» АҚ арқылы бюджетке Қағиданың 38-тармағында қарастырылған формула бойынша нақты жұмыспен өтеген кезеңге мөлшерлес жүзеге асырылады.
- Қандай маман иелері білім грантын өтеуден босатылады? Қандай жағдайда түлекке үзіліс беріледі?
- Заңның 47-бабы 17-2 тармағына сәйкес жұмысты өтеу жөніндегі міндеттен босату жас мамандарды жеке-жеке бөлу жөніндегі комиссияның шешімімен келесідей санаттағы:
1) жұбайы (зайыбы) тұратын, жұмыс істейтін немесе қызметін өткеретін елді мекенде бос орын болмаған жағдайдағы адамдарға;
2) бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
3) одан әрі оқу үшін резидентураға мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде, магистратураға, докторантураға түскен адамдарға;
4) жүкті әйелдерге, үш жасқа дейінгі баласы (балалары) бар, сондай-ақ үш жасқа дейінгі баланы (балаларды) өзі тәрбиелеп жатқан адамдарға беріледі. Сонымен қатар ҚР азаматтарын әскери қызметке шақыру кезінде жұмыспен өтеу мерзімінде қызмет өткеру уақытын есептемегенде, қызмет өткеру уақытына кейінге қалдыру беріледі.
- Білім гранты қандай жағдайларда өтелмесе болады?
- Заңның 47-бабының 17-3-тармағына сәйкес оқумен байланысты бюджет қаражаты есебінен шыққан шығыстар өтелместен, осы баптың 17-тармағында көзделген жұмысты өтеу жөніндегі міндеттің тоқтатылуы:
1) жұмысты өтеу жөніндегі міндеттің орындалуына байланысты;
2) тиісті құжатпен расталатын білім алушының (жас маманның) қайтыс болуына байланысты;
3) жұмысты өтеу мерзімі ішінде бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда;
4) осы баптың 17-2-тармағында көзделген жағдайларда жұмысты өтеу жөніндегі міндеттен босатылуына байланысты басталады.
- Білім грант өтелмесе қандай жауапкершілік қарастырылған? Процесс қалай жүреді? Қанша сомма айыппұл қарастырлыған?
- Жұмысты өтеу жөніндегі міндетті орындамағаны үшін жас маман өзінің оқуына байланысты бюджет қаражаты есебінен шыққан шығыстарды өтеуге міндетті. Бюджет қаражаты есебінен шеккен шығыстарды өтеу іс жүзінде жұмыспен өтелген кезеңге мөлшерлес жүзеге асырылады. "Қаржы орталығы" АҚ жұмыспен өтеу міндеттерін орындамаған жас мамандармен дауды бейбіт жолмен реттеу мақсатында сотқа дейінгі талап-арыз жұмыстарын өткізеді. ҚР Азаматтық процестік Кодексінің 8-бабының 6-тармағына сәйкес, егер істердің белгілі бір санаты үшін дауды сотқа дейін реттеу тәртібі заңда белгіленсе немесе шартта көзделсе, сотқа жүгіну осы тәртіп сақталғаннан кейін мүмкін болады. «Қаржы орталығы» АҚ жас маманмен жұмыспен өтеу міндетіне қатысты мәселелерді түсіндіру жөніндегі іс-шараларды өткізеді және онлайн және офлайн кездесулер мен келіссөздер жүргізіп, нормативтік-құқықтық актілерді түсіндіреді. Жас мамандардың берешек сомасы туралы хабарлама дайындайдап хаттар жолданады. Сотқа дейінгі реттеу жұмыстары нәтиже бермеген жағдайда, "Қаржы орталығы" АҚ бюджет қаражаты есебінен шыққан шығыстарды өтеу туралы талап қамтитын арызбен сотқа жүгінеді. Оқу шығыстарының сомасын өндіру туралы шешім қабылданған жағдайда, 298-бабқа сәйкес жас маман-жауапкерден міндеттемені орындамағаны үшін заңды тұрақсыздық айыбын өндіру талап қойылады. 293-бабқа сәйкес борышқор мiндеттемесiн орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған ретте, атап айтқанда, орындау мерзiмiн өткiзiп алған ретте несие берушiге төлеуге мiндеттi. 295-бабқа сәйкес несие берушi тараптардың келiсiмiнде айып төлеу мiндетi көзделген-көзделмегенiне қарамастан, заңдарда белгiленген айып төлеудi талап етуге құқылы болатыны көзделген. Бұл ретте тұрақсыздық айыбы жұмысты өтеу міндеті орындалмаған немесе бұзылған күннен бастап есептеледі. Заңды айыптың мөлшері ҚР Ұлттық банкінің талап берілген күнге белгілеген базалық мөлшерлеменің негізінде есептеледі.
- Бакалавриаттың білім грантының өтеуі, магистратураға бірден түскен жағдайда жойыла ма? Ал егер білім грантында оқыған түлек бакалавриаттан кейін магистратураға бірден түспей, 1-2 жылдан кейін түссе өтеу міндеттілігі қалай болады?
- Заңның 47- бабы 17-2 тармағына сәйкес одан әрі оқу үшін резидентураға мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде, магистратураға, докторантураға түскен адамдар жұмыспен өтеу міндетінен босатылады. 47-бабтың 17-тармағында көрсетілген, ағымдағы жылы оқуды аяқтаған азаматтар 1 қыркүйектен кешікпей жолдама бойынша жұмыс орнына келуі тиіс. Жұмыспен өтеу жөніндегі міндетті орындамағаны үшін «Қаржы орталығы» АҚ жұмсалған оқу шығыстарын өндіріп алу туралы талап арызбен сотқа жүгінеді. Оқу шығыстарын өндіріп алу тек соттың шешімімен жүзеге асырылады.
- Соңғы жылдарда қанша түлек білім грантын өтеді, қанша түлек грантын өтеп жатыр және қанша түлек грантын өтемеді?
- 2022-2024 жылдары аралығында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 168 922 адам оқуын аяқтады, оның ішінде 302 адам – міндеттемені орындады, 51 848 адам – жұмыс жасауда, «Білім туралы» Заңда белгіленген талаптарға сәйкес 41 954 адам жұмыспен өтеуден босатылды (26 274 адам – магистратураға оқуға түскен, 15 394 адам –бала күтімі байланысты, 264 адам – мүгедектігінің болуы, 22 адам – бос жұмыс орын болмағандығына байланысты), 15 133 адам – жұмыспен қамту орталығында тіркелген, 217 адам – оқуға кеткен шығындарды бюджетке қайтарды, 23 адам – қайтыс болуына байланысты. Өз кезегінде 59 445 – адам өз міндеттемелерін орындамаған (58 084 іс бойынша талап-арыз қою жұмыстары жүргізілуде, 777 адамға – талап қою материалдары сотқа жолданған, 584 адамға соттын шешімдері шыққан).
- Әңгімеңізге рақмет.
Айта кетейік, биыл 177 мыңнан астам түлек ЖОО оқу орнын бітірді. Соның көбі мемлекеттік грантта білім алған азаматтар. Соңғы 5 жылда Қазақстанда білім беру гранттарының саны 1,4 есеге артты. 2024-2025 оқу жылына 93 116 грант бөлінді (бакалавриат – 77 084, магистратура – 13 113, докторантура – 2 919).
08 шілде 2025 ж. 72 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№49 (10417)

05 шілде 2025 ж.

№48 (10416)

01 шілде 2025 ж.

№47 (10415)

28 маусым 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 016
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031