Құрылтай
» » Қоғамдық тәртіпті сақтау кезінде қаза болғандардың балалары университетте тегін оқиды

Қоғамдық тәртіпті сақтау кезінде қаза болғандардың балалары университетте тегін оқиды

Бұл туралы Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов  айтты, деп жазады Egemen.kz.


«Қоғамдық тәртіпті сақтау кезінде міндеттерін өтеу барысында қаза тапқан әскери қызметшілер, құқық қорғау және  арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлерінің балалары университетте оқуы үшін білім грантын беру ұсынылады. Бұл да Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жүзеге асырылады. Білім және ғылым министрлігі Президенттің берген тапсырмаларын уақытылы әрі сапалы жүзеге асырады», деді министр.
Сондай-ақ, Асхат Аймағамбетов жоғары білімге қолжетімділікті арттыру бойынша халық тығыз орналасқан өңірлер мен білім беру саласында үлкен алшақтығы бар өңірлерде нысаналы грант бөлінетінін айтты.
«Гранттар Қазақстанның жетекші ЖОО-ларында оқу үшін бөлінеді. Олар оқу бітірген соң негізгі тұратын жер бойынша жұмыс өтеу көзделеді. Президенттің техникалық мамандыққа басымдық беру тапсырмасы негізінде бұл саладағы грант саны 60 пайызға көбейеді», деді ол.




12 қаңтар 2022 ж. 629 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 590
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 051

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31