» » Асхат Аймағамбетов: «Жалақыны көбейту – Президент міндеттеген тапсырма»

Асхат Аймағамбетов: «Жалақыны көбейту – Президент міндеттеген тапсырма»

Жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысын өсіру –ректор немесе министрліктің емес, Президенттің тікелей тапсырмасының арқасында жүзеге асты. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов министрліктің аппарат жиналысында айтты.
«Біз мониторинг жүргіздік. Президент тапсырмасын қай жоғары оқу орны қандай деңгейде, сапалы немесе сапасыз орындағанын көріп отырмыз. Ең бастысы – жоғары оқу орындарындағыпрофессорлық-оқытушылық құрамның жалақысын көтеру – ректор немесе министрліктің емес, Президенттің тікелей тапсырмасының арқасында жүзеге асты. ҰҚСК отырысының хаттамасы бойынша гранттар құны ұлғайтылғанын білесіздер. Бұл мемлекет басшысының үлкен қолдауы екенін түсіну қажет», – дедіҚР Білім және ғылым министріАсхат Аймағамбетов.
Осылайша, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша оқытушылардың жалақысы орта есеппен 25%-ға өсті, одан бөлек педагогтердің жалақысы, докторанттар мен болашақ педагогтердің стипендиясы ұлғайды.
«Стипендия бойынша да айтарлықтай өсім байқалады. Егер педагогикалық мамандықтар бойынша білім алып жатқан студенттер өткен жылы осы уақытта 20 мың теңге көлемінде стипендияалса, қазір ай сайын 42 мың теңге алып отыр. Сондай-ақсабағын жақсы оқып жатқан үздіктердің стипендиясы 48 мың теңге болды. Демек, бір жылда стипендия2 есе өсті. Бұл да Мемлекет басшысының ұстанымының және оның тапсырмасының арқасында жүзеге асып отыр», – деп атап өтті министр.
ҚР БҒМ Баспасөз қызметі
21 қазан 2020 ж. 801 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№4 (10472)

17 қаңтар 2026 ж.

№3 (10471)

13 қаңтар 2026 ж.

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 264
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 142

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031