» » ТУҒАН ЖЕР ТҰНҒАН ШЕЖІРЕ

ТУҒАН ЖЕР ТҰНҒАН ШЕЖІРЕ

Әрбір адам баласының кіндік қаны тамған мекені – оның туған жері. Туған жер, өскен орта сол себептен де адамның түп қазығына баланады. Өмірге деген іңкәрлігің туыпөскен топырағыңа деген ыстық сезіміңмен ұласып, тамырыңа қан жүгіртеді. Сол арқылы болашаққа бағыт алып, бет түзейсіз.
Қай биікке шықсаңыз да бала кезде көз алдыңызда қалған ауылдың ақеділ адамдары сана түкпіріне сақталып, ойыңнан кетпейді. Жадыңда жаңғырып тұра беретіні анық. Бұл кез келген адамның басында болатын күй. «Әркімге өз туған жері – мысыр шәрі» деген сөз осыдан қалса керек. Туған жердің жыңғылы мен жусаны, қамысы мен қарағайы, ойы мен қыраты, бәрі-бәрі сен үшін ыстық. Тіпті сол кішкентай ауылдан бастау алған балаң сезім, тұтас туған Отанды сүюге жетелейді. Осы орайда ұрпақ бойына туған жерге деген құрметті қалыптастыру – бүгінгі буынның міндеті.
Ауданға қарасты Ақтөбе ауы­ лындағы №109 орта мектептің кітап­ ханасында осындай асыл мақсатты көздеген «Туған жер тұнған шежіре» атты кітаптың авторларымен кездесу сағаты өткізілді. Оқырмандардың бойында Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, елін, жерін, әдеп-ғұрпын құрметтейтін жаны та­ за, адамгершілігі мол, өз Отанын сүйетін азамат етіп тәрбиелеу мен ауылдың тарихы, ауылдан шыққан тұлғаларымыз жайлы таныстыруды діттеген кездесу «Ұстаз ана» әнімен бастау алды.
Кездесуге 40 жыл шәкірт тәрбие­ леген ардагер-ұстаз Қарлығаш Ер­ мағанбетова қатысты. Ақтөбе ауы­ лының өткені мен бүгінін тізбектеген Қарлығаш Ермағанбетова бен Гүл­ жанат Дүзенова құнды деректерден тұратын 2 жинақ шығарған. Оқыр­ мандарға қаламгерлердің өмір жолы таныстырылып, қонақтарға сұрақтар қойылды. Сондай-ақ жиында кітап­ хана оқырмандары соғыс ардагері Бейсенбай Қасқырбаевтың, енді бірі Бекмахан Ибрагимовтың ауылға арнап жазған өлеңдерін оқыды. Ерназар атамыздың 100 жылдығына арнап жазған арнау өлеңдерімен қоса Кенжалы би мен Нияз Молда, Ыспан қари, Нәсіредин Сералиев, Бақытбек Сейсенов аталарымыз бен әкелеріміздің өмір жолдарына тоқталып өтті.
– Ата дәстүрiн берiк ұстанған, ана тiлiне құрметпен қарайтын Ақтөбе ауылы талай ақындар мен жезтаңдай жыраулардың әлемдi аузына қаратқан ғұлама ойшылдардың туған жерi. Сол танымал тұлғалардың өмiр жолдары, еткен еңбектерi ұрпаққа үлгi. Оны халыққа жеткiзу – жастардың танымтүйсiгiн кеңейтiп, өмiрге деген көзқарасын жақсартады, азаматтық ой-санасын қалыптастырады, – дедi кездесу барысында №109 орта мектептің ардагер-ұстазы Қарлығаш Ермағанбетова.
Іс-шара соңында кітапхана меңгерушісі Гүлназ Ешниязова «Ауылым – алтын бесігім» атты көр­ меге шолу жасап, оқырмандарды ауылдан шыққан шешен билер, ақын-жазушылар мен еңбек ер­ лері, соғыс ардагері Ерназар Сексенбаев туралы айтып, ауыл тарихымен кеңінен таныстырды. Шолу үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім «Ауылдан шыққан әулиелер мен билер», екінші бөлім «Ақын жазушылар», үшінші бөлім «Ерлігі өшпес ерлер» деп аталады. Онда Ақтөбе ауылының тарихы, көркем жерлері және ауылдан шыққан атақты адамдар жайында мәліметтер берілді. Кітап көрмесіне жерлес ақын, жазушыларымыздың және ауылдың Құрметті азаматтарының кітаптары қойылған. Жиын соңында тақырыпқа сай мақал-мәтел айтылып, ән шырқалды. Оқырмандар ардагер-ұстаздан бата алып, естелік суретке түсті. Туған жердің бағасын арттырып, қадірін түсінуге сеп болатын мұндай жүздесулер алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.
Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
08 шілде 2025 ж. 92 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№49 (10417)

05 шілде 2025 ж.

№48 (10416)

01 шілде 2025 ж.

№47 (10415)

28 маусым 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 016
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031