» » «СЫР ТОЛҚЫНЫ" II РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КҮЙШІЛЕР КОНКУРСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

«СЫР ТОЛҚЫНЫ" II РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КҮЙШІЛЕР КОНКУРСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ


Қызылорда қаласында Ұлттық Домбыра күні аясында Мырза Тоқтаболатұлының 175 жылдығына арналған «Сыр толқыны» II Республикалық күйшілер конкурсы өтті. Сыр елінде екінші рет өтіп жатқан өнер додасына республикамыздың 10 өңірінен талантты 24 талапкер қатысып, өзара бақ сынады.

Байқауға күй өнерінің танымал шеберлері, күйші-композитор, Құрмағазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры, «Құрмет» орденінің иегері, академик Төлепберген Төреахметұлы, күйші-композитор, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің оқытушысы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерболат Жұмашұлы, Қазанғап атындағы музыкалық жоғары колледжінің директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Мүсілім Балтабайұлы, күйші, Қазанғап атындағы музыкалық жоғары колледжінің оқытушысы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Әлімжан Нағызханұлы, күйші, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті «Педагогика және дәстүрлі өнер» институтының оқытушысы, ҚР «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Алдияр Шағдатұлы қазылық етті.

Қазақстанның әр өңірінде қалыптасқан күйшілік дәстүр мен оны таратып жеткізушілер бас қосқан күйшілер конкурсы Сыр бойы күйлерін қайта жаңғыртып, жергілікті күйші-композиторлардың мұрасын жас жеткіншектерге насихаттау арқылы халқымыздың көне, фольклорлық-этнографиялық домбыра аспабын меңгеруде кәсіби шеберліктеріне ықпал жасау, өнерпаздар қатарын дарынды, жаңа буын өкілдерімен толықтыруға мол мүмкіндік берді.

Байқау қорытындысымен, III орын Ерімбет Орынбасаров (Арал ауданы), Мадияр Жасаңбаев (Қармақшы ауданы) және Алтынай Махмутқа (Қарағанды қаласы) бұйырса, Жәнібек Жұмабаев (Маңғыстау облысы) пен Айшолпан Қасымова (Астана) II орын иегері атанды. Жүлделі I орынды Саят Нұрәли (Алматы облысы) қанжығасына байласа, үздіктердің үздігі атанған жерлесіміз Махамбетхан Досымжан байқаудың Бас жүлдесін жеңіп алды.

Өнер аламанында қарсыластарынан оқ бойы оза шапқан Серік Асқар (Шымкент қаласы), Әбілжан Тәттімбет (Жамбыл облысы), Көшербай Мұхамеддин (Қызылорда қаласы), Жұмағали Серік (Алматы қаласы) және Кенгесбаева Жұлдызайға (Алматы қаласы) байқаудың арнайы жүлдедері табысталды.

Домбыра – халқымыздың рухани болмысының, дүниетанымы мен мәдениетінің алтын діңгегі. Күй – дәстүрлі өнеріміздің күрделі тармағы. Мерейлі мерекеде өткен өнер додасы сан ғасырлық саралану мен сұрыпталу дәуірінен өткен күйшілік өнердің жана толқынын анықтап, жас дарындардың өнерін өрістетуге жол ашты.

06 шілде 2025 ж. 122 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930