» » АЙМАҚ БАСШЫСЫ БІЛІМ ОРДАЛАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢЫНДАҒЫ ЖҰМЫС ҚАРҚЫНЫН КӨРДІ

АЙМАҚ БАСШЫСЫ БІЛІМ ОРДАЛАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢЫНДАҒЫ ЖҰМЫС ҚАРҚЫНЫН КӨРДІ


Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов және облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеуімбетовпен бірге Қызылорда қаласындағы білім беру мекемелерінің құрылыс барысымен танысты.

Алдымен СПМК-70 мөлтек ауданындағы 1500 орындық жаңа мектептің құрылыс алаңында болды.
Бас мердігер “Integra Construction KZ” серіктестігі құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтауға жақын. Ғимараттың қабырғалары толық қаланып, іші әрленуде, инженерлік жүйелері орнатылуда. Құрылысқа 11 инженер-техникалық қызметкер, 183 жұмысшы және 6 техника жұмылдырылған.

Арай мөлтек ауданындағы 1500 орындық мектептің де құрылысы қарқын алған. Бас мердігер “Абу-Сер” серіктестігі
ішкі әрлеу, есік-терезе орнату, жылу жүйелерін монтаждау және аулаға инженерлік желілерді тарту жұмыстарын атқаруда. Құрылыс басында 10 инженер, 185 жұмысшы еңбек етуде, 22 техника іске қосылған. Мектеп тамыз айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

06 шілде 2025 ж. 181 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 901
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 602

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930