» » Қазақстанда ұялы телефон нөмірлерін сатып алу тәсілі өзгермек

Қазақстанда ұялы телефон нөмірлерін сатып алу тәсілі өзгермек

Алдағы айларда SIM-карталарды дүкендерде сату тоқтатылады - оларды тек байланыс операторларының кеңселерінде және биометриялық тексеруден кейін ғана сатып алуға болады. Алайда енді ұялы байланыс нөмірлерін eGov порталы арқылы да сатып алуға мүмкіндік берілетіні белгілі болды. Тиісті түзетулерді Цифрлық даму министрлігі әзірледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Министрлік жанындағы Телекоммуникациялар комитеті төрағасының орынбасары Олжас Кабеновтың айтуынша, қазір байланыс операторлары министрлікке өтініш береді, оларға нөмірлер жиынтығы (пул) беріледі, кейін бұл нөмірлерді қазақстандықтар сатып ала алады.
Министрлік телекоммуникация нарығы мен деректерді өңдеу орталықтарын дамыту мәселелері жөніндегі заң жобасына өзгерістер енгізуді ұсынды.
"Біз бұл заң жобасында нөмірлерді тек операторлар желісі арқылы ғана емес, сондай-ақ eGov арқылы да тарату мүмкіндігін қарастырып жатырмыз", – деді Олжас Кабенов құжатты жария талқылау кезінде.

Осылайша, қазақстандықтар алдағы уақытта өздеріне ұнаған ұялы байланыс нөмірін үйден шықпай-ақ онлайн түрде таңдап, рәсімдей алуы мүмкін. Алайда бұл туралы нақты айтуға әлі ерте: бұл - тек заң жобасы, ол әзірге талқылау кезеңінде. Бұл норма қабылдана ма, қашан күшіне енеді - әзірге белгісіз.
04 шілде 2025 ж. 141 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 638
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 407

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031