» » Қазақстанда автокөліктерге әдемі нөмір ғана емес, әріптік белгілерді де сатып алу мүмкін болмақ

Қазақстанда автокөліктерге әдемі нөмір ғана емес, әріптік белгілерді де сатып алу мүмкін болмақ

Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қазақстандықтардың әдемі нөмірлерді ғана емес, автомобильдерге арналған әріптік белгілерді де сатып алу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  


Бұл туралы цифрландыру министрлігінің басшысы мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жақсарту жөніндегі Үкіметтік сағат кезінде хабарлады. 
"Бұл тұрғыда Ішкі істер министрлігімен бірлесе сұранысы жоғары нөмірлерді арттыру бойынша жұмыстар пысықталды. Осы реттегі қадамдарды заңнамалық түрде бекіту керек болды. Сондықтан депутаттар тарапынан бізге тиісті қолдау керек, өйткені түрлі нөмір белгілері елімізде сұранысқа ие болып тұр. Мәселен, бюджетке қаржы аударып, сатып алуға болатын нөмір белгілері (777) бар. Алайда реттеу іс-шараларымен қамтылмаған нөмір белгілері де бар, оларды да сатып алу үшін заңнамалық тұрғыда бекіткіміз келеді", - деді ведомство басшысы.
Министр мемлекеттік қызметтерді алудың бірнеше тәсілі бар екенін, оларды eGov, ХҚКО, министрліктер мен әкімдіктердің қызметтері арқылу алуға болатынын еске салды. 
Бағдат Мусиннің айтуынша, мұндай мүмкіндік процесстерді айтарлықтай оңтайландыруға, сондай-ақ азаматтардың шығындарын үнемдеуге мүмкіндік берді.
“Яғни, тұрғындар бұл қызметтерді электронды түрде алмай, неге халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгінеді? Осы мәселелердің барлығына зерттеп, электронды онлайн қызметтердің сапасын көтеруге екпін қойып отырмыз”, – дейді министр. 
25 қазан 2021 ж. 256 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930