» » Қазақстанда көліктердің мемлекеттік нөмірін алу уақыты қысқарды

Қазақстанда көліктердің мемлекеттік нөмірін алу уақыты қысқарды

Қазақстанда көлік құралдарына мемлекеттік нөмір алудың мерзімі қысқартылды. Бұл туралы ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


Тоғыз ірі облыс орталықтарында және республикалық маңызы бар үш қалада көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу белгілерін шығаратын жаңа станоктар орналастырылды. Төрт станок Нұр-Сұлтан мен Алматыда, екеуі Шымкентте орнатылды.
«Нөмірлік белгілерді шығару және жеткізу мерзімдері айтарлықтай қысқарады, сонымен қатар олардың өндірісі нақты қажеттілікке байланысты реттеледі. Нөмірлердің көшірме нұсқаларын шығару уақыты 15 күннен 5 жұмыс күніне дейін қысқарды. Егер бұған дейін елде тек екі станок болған болса және нөмірлік белгілер тек Нұр-Сұлтан мен Алматыда ғана шығарылған болса, қазір 12 аймақта осындай 18 станок бар», - деді ІІМ.
Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, елімізде күніне 10 мыңға жуық автокөлік тіркеледі.
10 желтоқсан 2020 ж. 724 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№89 (10457)

22 қараша 2025 ж.

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 908
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 611

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930