» » «Тарифтері арзан». Елімізде жаңа ұялы байланыс операторлары пайда болады

«Тарифтері арзан». Елімізде жаңа ұялы байланыс операторлары пайда болады

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек Қазақстанда жаңа ұялы байланыс операторлары пайда болатынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Асхат Оразбектің айтуынша, «Қолжетімді интернет» жобасы аясында байланыс нарығына жаңа шағын және орта байланыс операторлары шығады.
«Біздің елде «Қазақтелеком» компаниялар тобы атынан доминант және бір тәуелсіз ұялы байланыс операторы – Beeline жұмыс істейді. Қазіргі уақытта «Мобайл Телеком-Сервис» жеке инвесторға сатылады және нарықта үш оператор пайда болады», деді вице-министрі Асхат Оразбек.
Ұялы байланыс операторларының тарифтерін төмендету мақсатында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі оларды қажетті инфрақұрылыммен қамтиды. Асхат Оразбек осы ұсыныс есебінен операторлар бағаны төмендетуі керек екенін айтты. Сондай-ақ ол интернет сапасында да айтарлықтай оң өзгеріс болатынын алға тартты.
03 мамыр 2024 ж. 416 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

№40 (10508)

30 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 254
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 796

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930