» » БЕРЕКЕЛІ БАСҚОСУ

БЕРЕКЕЛІ БАСҚОСУ

«Бір ауылдың түлеп ұшқан жастары едік,
Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік.
Бәрімізде жазылмаған дастан едік,
Армандастар, құрдастар!...»
Иә, кім-кімге де он жыл бірге оқыған құрдастардың орны ерекше. Ол өмірде кездесетін түрлі жолдастардан бағасы биік.
Қармақшы ауданына қарасты бұрынғы (Жаңақала ауылы), қазіргі Т.Көмекбаев ауылы – талай тұғырлы тұлғалардың туып өскен құттыханасы.
Әр адамның туған жері Мысыр шаһары деп тегін айтылмаса керекті. Ежелден бері сылаңдап аққан Сырдария өңірі небір саңлақтарды тудырып, бесігіне бөлеп тербетіп, қыранша қияға ұшырған алтын ұя, қасиетті қоныс. Топырағын түртіп қалсаң жыр болып төгілетін киелі алақандай ауылдан алатаудай азаматтар шыққаны ауыл үшін үлкен мерей, зор мәртебе.
Жаңақала ауылында көкорай бел, көк майса жер болмаса да, аспанмен астасқан таулары болмаса да – ауызбіршілігі жарасқан ел. Үлкендердің ауызбіршілігі, алдыңғы буынның берекелі ынтымағы қашанда темірқазық іспетті жол нұсқап тұрады. Ұстаздардың тәлімтәрбиесі кейінгі буын жастарға өшпес өнеге, үлкен өмір мектебі.
Жақында осы шағын ауылда 30 жылдық түлектердің берекелі басқосу мерейтойы кең көлемде аталып өтті. Бір-бірін сағынысқан, әзіл-қалжыңдары жарасқан құрбықұрдастар қуана қауышты. Бір үйдің баласындай, бір қолдың саласында ымыралы ынтымақта ұйысқан сыныптас достар сырғып аққан уақыт көшіне ілескен бала күнгі достарымен сағынысып жолықты.
Бұл сағынышты кездесу алдымен наурыз айында ауылдың орталық алаңына алтыбақан орнатып, өмірден өткен Мырзабек Жүгінісұлы, Мадина Сағымбайқызы, Ләззат Әділбекқызы, Назхан Бостанұлы сыныптас достарымыздың атынан ат жарыстырып, бәйге тігуден басталды. Көзден кетсе де, көңілден өшпейтін достарымызды бір мезет үнсіздікпен еске алдық. Күрмеуге келмейтін қысқа ғұмырда кім-кімді қияр дейсің. Бәрінің көңілінде бір мұң тұрды. Ол сол сыныптастар осы отыз жылдық басқосуда бірге болғанда деген қимастық сезім әрбірінің көңіл терезесін қаққылап тұрғаны жасырын емес.
Басқосу 6 маусым күні туған жер төсінде отырған Жәнібек досымыздың шаңырағында өмірден өткен сыныптастарымыздың әруағына Құран бағыштап, құдажолы берумен жалғасты. Жәнібек те өз кезегінде азаматтық іс қылып, шаңырағында сырттан келген досжарандарға арнайы дастарқаннан дәм ұсынып сыбағаларын берді. Сол басқосудан шығып Қызылорда шаһарындағы «Сыр Самалы» жағажайында қазақы дәстүрге сай көрісу беташары жасалып, қыз, келін, күйеулер жақын танысып білісті.
Мектеп бітіргендеріне 30 жыл толған түлектер тойы одан әрі жалғасын тауып, «Арай» мейрамханасында өткен салтанатты тойдың жоралғысы мүлде басқаша өрбіді. Ақеден көңілдер, шынайы риясыз күлкілер, бәрі-бәрі салалы дария суындай көңіл теңізде тоғысып жатты. Адал пейіл, ақ ниеттер қауышқан күнге келгендер дән риза кейіпте тарқасты.
Басқосу барысында түрлі номинациялар беріліп, алғыс хаттар табысталды. Құрдастар өз аттарынан ұйымдастырушылар Самал, Сәния, Серікке деп рызашылығын білдірді. Сайып келгенде мұның барлығы көңілдер үндестігі бір мүдде жолында қауышқан кез болды. Басқосу 8 маусымда табиғат аясындағы демалыспен ұласып, сол күні кешке Зал досымыз өз шаңырағына шақырып, құрдастарына құрметін танытты. Бұл бала армандар тоғысқан мерекелік тойдың шыңы болды десек, артық айтқандық еместі.
Сонау кезгі сәттерден күні бүгінге дейінгі уақытта бір сәтке ұмытпай жиі хабарласып, 30 жылдық мерейтойда басқосу жасаған әрбір құрбы-құрдастарым аман болыңыздар, көңілдеріңіз ортаймасын. Мұндағы айтарымыз, қазақтың әрбір ауылы осындай азаматтарымен мақтанады. Біздің осы берекелі бірлігіміз үлкендерден үйренгеніміз, соны кейінгі жас буын өзіне үлгі етсе, нұр үстіне нұр болар еді.
Сәния МАХМУДҚЫЗЫ
01 шілде 2025 ж. 537 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№49 (10417)

04 шілде 2025 ж.

№48 (10416)

01 шілде 2025 ж.

№47 (10415)

28 маусым 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 994
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031