» » Тәйімбет Көмекбаев ауылының 60 жылдық мерейтойына орай Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбектің мерекелік құттықтауы!

Тәйімбет Көмекбаев ауылының 60 жылдық мерейтойына орай Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбектің мерекелік құттықтауы!


ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Баршаңызды Кеңес Одағының батыры Тәйімбет Көмекбаев ауылының 60 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

Тәйімбет Көмекбаев ауылы – Сыр өңіріндегі ежелгі астаналардың бірі – сақтардың ордасы Шірік Рабат шаһары мен «Жәрімбет» әулие кесенесі, «Мұнаралы» мұнарасы сияқты тарихи ескерткіштер орналасқан қасиетті жер.

1964 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті мен Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің шешімімен «Жаңақала» деген атаумен жаңа типтегі ауыл бой көтерді. Құмды аймақта салынған әсем ақ үйлердің арқасында ауыл тұрғындары мен келген қонақтар бұл жерді «Жаңа қала» деп атап, ауылдың атауы да осылай қалыптасты.

1987 жылы ауылға Кеңес Одағының Батыры Тәйімбет Көмекбаевтың есімі берілді. Бұл ауылдың ғана емес, батырдың ерлігін мәңгі есте сақтау жолындағы үлкен құрметтің белгісі болды. Одан кейінгі кезеңдерде де ауылдың даму қарқыны бәсеңдеген жоқ. 2003 жылы Тәйімбет Көмекбаев ауылдық округі құрылып, округтің әкімшілік орталығы қазіргі ауылға айналды. Бұл ауылды көркейту және дамыту бағытындағы жаңа белестердің бастамасы болды.

Жыл өткен сайын жаңарып, жаңғырған Тәйімбет Көмекбаев ауылы мерейтойды жарқын жетістіктермен қарсы алып отыр.
Бұл мерейтойдың да басты мақсаты – жетістіктерімізді саралап, алдағы мақсаттарымызды, биік мұраттарымызды бағамдау.

Ауылдың 60 жылдығы – осы қасиетті жерден түлеп ұшқан талай ұрпақ үшін тұтас бір дәуірдің құндылықтары енген кезең. Мәселен, Кеңес Одағы тұсында ауыл орасан зор экономикалық табыстарға жетіп, мал шаруашылығында биіктен көрінді.

Жаңақала совхозы құрылғаннан бастап 16 жыл бойы директор болған Қаратай Қуаңбаевтың тынымсыз еңбегі мен әр адамға деген жанашырлығынан совхоз жыл сайын жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, облыстың алдыңғы қатарлы шаруашылықтарының біріне айналды.

Сондай-ақ, мұнда «Ғасыр шопаны» атағына ие болған Әділбек Хайруллаев, Сайлау Жанбаев және басқа да еңбек ардагерлері еңбек етіп, ауылдың өркендеуіне үлес қосты. Олардан кейінгі ұрпақ та сол еңбек дәстүрін жалғастырып, ауылды көркейте түсті.

Еліміз Тәуелсіздік алған жылдары қаншалықты толымды табыстарға қол жеткізсе, оған Тәйімбет Көмекбаев ауылыда өз үлесін қосып келеді.

2011 жылы облыс және аудан орталықтарына қатынауды жеңілдету мақсатында Тәйімбет Көмекбаев – Ақжар трассасының 20 шақырымына 450 миллион теңге қаржы бөлініп, асфальт жол салынды.
2012 жылы «Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасы аясында әлеуеті төмен елді мекендерден көшіп келген отбасыларға арналып 30 заманауи тұрғын үй салынды. Жаңа үйлер барлық қажетті коммуникациялармен қамтамасыз етілді – жылу, су, электр желілері тартылды және көшелерге асфальт төселді.
Ауылдың білім беру саласы да назардан тыс қалған жоқ. 2013 жылы жаңадан №185 орта мектеп ғимараты пайдалануға берілді. Ал 2021 жылы мектеп жанынан «Машарап Әли» атындағы жыр-терме және дзюдо үйірмелері ашылып, балаларға шығармашылық және спорттық даму үшін кең мүмкіндік жасалды.

Денсаулық сақтау саласында да маңызды қадамдар жасалды. 2020 жылы ауылдық ауруханаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Абай Құнанбаев көшесіне жаяу жүргіншілер жолы салынып, ауылдың инфрақұрылымын жетілдіруге бағытталған жұмыстар атқарылды.
2023 жылы ауыз су жүйесін қайта құру үшін 256,4 миллион теңге бөлініп, тұрғын үйлерге су желісі тартылды. Ауылдық клуб ғимаратының жаңғырту жұмыстары басталып, жобалық құны 395,7 миллион теңге болатын жаңарту жоспарлары қолға алынды. Сондай-ақ, ауылға кіреберіс жаңа паспорт қойылып, ауылдың келбеті жаңаша өзгерді.

2024 жылы да ауылды дамыту жалғасуда. Балалар ойын алаңы мен спорттық тренажерлар орнатылып, Қ.Қуаңбаев көшесінің жарықтандыру жұмыстары аяқталды. Электр желілерін жаңғырту аясында ауыл бойынша 658 электр бағаны және 8 трансформатор орнатылды, бұл тұрғындардың электрмен қамтамасыз етілуін жақсартуға бағытталған маңызды қадам болды.

Қадірлі жерлестер!
Алдағы уақытта да осы игі істерді жалғастырып, туған жеріміздің гүлденуі үшін бар күш-жігерімізді салып еңбек ете берейік.
Мерейтой құтты болсын! Тәйімбет Көмекбаев ауылдық округінің болашағы жарқын, әр шаңыраққа құт-береке әкелсін!
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз мәңгі, елдігіміз еңселі болсын!
13 қазан 2024 ж. 81 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 248

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 349

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930