» » «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ


Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің міндетін атқарушы Шыңғыс Әбділәмитұлының төрағалығымен «Ауыл аманаты» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру бойынша жұмысшы топтың кәсіпкерлермен кездесуі өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты – ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік бастамаларын қолдау, бағдарламаның іске асырылу барысы мен мемлекеттік қолдаулар жөнінде түсіндіру.

Жиын барысында сала мамандары мен жұмысшы топ мүшелері – Индира Сансызбайқызы, Бахыткүл Әділбекқызы, Күндібай Мырзабайұлы және басқа да қатысушылар түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, кәсіпкерлердің сауалдарына жауап беріп, кеңестерін ұсынды.

Жиын соңында сұрақ-жауап, пікір алмасу ұйымдастырылып, кәсіпкерлер бағдарламаның тиімді тетіктері мен шарттары туралы нақты ақпарат алды.

Айта кетейік, Қармақшы ауданы бойынша «Ауыл аманаты» жобасы аясында 2023 жылдан бері жалпы сомасы 486,7 млн теңгені құрайтын 77 жобаға жеңілдетілген несие берілген.

01 шілде 2025 ж. 297 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 787
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 060

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930