» » ҚАЗАҒЫ АЗ СОЛТҮСТІККЕ ҚОНЫС АУДАРСАҚ...

ҚАЗАҒЫ АЗ СОЛТҮСТІККЕ ҚОНЫС АУДАРСАҚ...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа жолдауында елдегі еңбек ресурстарының балансын есепке алудың тиімді әдістемесін әзірлеуді, сондай-ақ еңбек ресурстарының тапшылығы бар өңірлерде Үкіметке көші-қон үдерісін басқару үшін пәрменді шаралар қабылдауды тапсырған болатын.
«Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аударуы» жобасы аясында аудан тұрғындарына оңтүстіктен солтүстікке қоныс аудару бағдарламасы туралы ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізуге ауданымызға Солтүстік Қазақстан облысының қоғамдық белсендісі, Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аударушыларға жәрдемдесумен айналысатын «TAUEKEL» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бурахан Даханов пен делегация мүшелері келіп, аудан халқымен кездесу өткізді.
Әлеуметтік желі қолданушылары Бураханды жақсы білгенмен, Солтүстік облысты қазаққа толтырамын деп тынбай жұмыс істеп жүрген оның еңбегін жалпы халық біле бермес.
Жиында сөз алған ол тұрғындарға бағдарлама аясында ұсынылатын мүмкіндіктер мен мемлекеттік қолдау шаралары туралы толыққанды ақпарат берді. Сондай-ақ қатысушыларға жобаның мақсаттары мен шарттары таныстырылып, қатысушы азаматтарға ұсынылатын мемлекеттік қолдау тетіктері, соның ішінде көшуге байланысты шығындарды өтеу, тұрғын үймен қамтамасыз ету және жұмыспен қамту мәселесі түсіндірілді.
Сонымен қатар, кездесуде бұған дейін жобамен қоныс аударған азаматтардың оң тәжірибелері мысал ретінде келтіріліп, нақты нәтижелер бойынша түсіндірмелер берілді. Кездесу соңында тұрғындар тарапынан ұсыныстар мен пікірлер айтылып, сала мамандарынан нақты жауаптар алды.
Айта кетейік, жобаның мазмұны бойынша толық ақпарат алғысы келетін тұрғындар «TAUEKEL» қоғамдық бірлестігіне немесе аудандық «Мансап» орталығына жүгіне алады.
«ҚТ» ақпарат
23 маусым 2025 ж. 248 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 121

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930