» » СОЛТҮСТІК ӨҢІРЛЕРГЕ ҚОНЫС АУДАРУ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

СОЛТҮСТІК ӨҢІРЛЕРГЕ ҚОНЫС АУДАРУ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Қ.Рүстембеков атындағы жыраулар үйінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жүзеге асырып жатқан жұмыс күші тапшы өңірлерге ерікті қоныс аудару бағдарламасы аясында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді.

Іс-шараға «TAUEKEL» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бурахан Даханов және салалық мамандар қатысып, тұрғындарға бағдарлама аясында ұсынылатын мүмкіндіктер мен мемлекеттік қолдау шаралары туралы толыққанды ақпарат берді.

Жиын барысында қатысушыларға жобаның мақсаттары мен шарттары таныстырылып, қатысушы азаматтарға ұсынылатын мемлекеттік қолдау тетіктері, соның ішінде көшуге байланысты шығындарды өтеу, тұрғын үймен қамтамасыз ету және жұмыспен қамту мәселелері түсіндірілді.

Сонымен қатар, кездесуде бұған дейін жобамен қоныс аударған азаматтардың оң тәжірибелері мысал ретінде келтіріліп, нақты нәтижелер бойынша түсіндірмелер берілді. Кездесу соңында тұрғындар тарапынан ұсыныстар мен пікірлер айтылып, сала мамандарынан нақты жауаптар алды.

Айта кетейік, жобаның мазмұны бойынша толық ақпарат алғысы келетін тұрғындар «TAUEKEL» қоғамдық бірлестігіне немесе аудандық Мансап орталығына жүгіне алады.

18 маусым 2025 ж. 184 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930