» » Халық жайы билік назарында

Халық жайы билік назарында

Жуырда «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасы Сұлтан Мақашов бір топ кент тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.
Бүгінде отбасында 4 кәмілетке толмаған баласымен және жұмыссыз жолдасымен бірге пәтер жалдап отырған, бірақ Павлодар облысына қоныс аударғысы келетін кент тұрғыны Гүлдерай Құрбанбаев мемлекеттік бағдарлама игілігін сезінбек тұрғыда мазалаған саулға партия төрағасы Сұлтан Ысқақұлы қазіргі таңда аудандық Жұмыспен қамту орталығы арқылы мемлекеттік «Нұрлы көш» бағдарламасы аясында аудан тұрғындары арасында Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай аймақтарына қоныс аудару жұмыстары жүргізіліп жатқанын, онда қоныс аударуға тілек білдіргендерге көмек,тіпті аталмыш бағдарлама арқылы сол өңірге көшіп барғандарға үй-жай берілетінін, жұмыспен қамтамасыз етілетінін, сондай-ақ отбасының әрбір мүшесіне, үй-жай сатып алушыларға мемлекет тарапынан қаржылай көмек көрсетілетінін жеткізді. Ал, партия тарапынан қоныс аударуға тілек белдіргендерге жан-жақты қолдау болатынын айтты.
Келесі кезекте қабылдауға келген кент тұрғыны, «Жосалы» корпоративтік қоры бастауыш ұйымының төрайымы Күнсұлу Тоқпанова бастауыш ұйымның жұмысымен таныстыра келе, ұйым мүшелерін қоғам өміріне белсене араластыруға, оның ішінде ақылы қызмет, нақтырақ айтқанда тігіншілік, массаж және басқа да қызметтер арқылы жұмыс көзін ашып, көз мүгедегі бар азаматтарды жұмыспен қамту жайлы жоспары бар екенін тілге тиек етті. Сөз кезегінде партия филиалы төрағасы қордың мұндай игі жобаларға қатысуға құқығы бар екенін, ауданда атқарылып жатқан іс-шараларға, оның ішінде ақылы қызметтерге қор мүшелерін қатыстыруда үлкен қолдау тауып жатқанын айта келе, аудан әкімдігі жұмыс істеймін деген әрбір азаматқа, мейлі ол мүгедек болсын, мейлі ол он екі мүшесі бүтін адам босын әрдайым көмек қолын созып, жоспар құрып, оны жүзеге асыруға көмектесетінін айтты.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ,
«Қармақшы таңы».
14 шілде 2018 ж. 897 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№9 (10377)

04 ақпан 2025 ж.

№8 (10376)

01 ақпан 2025 ж.

№7 (10375)

28 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 370
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728