» » Еңбек жәрмеңкесі

Еңбек жәрмеңкесі

qarmaqshy-tany.kz Осы жылдың 19-21 сәуір аралығында облыста солтүстік өңірлердің және өңірдегі жұмыс берушілердің қатысуымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Мұндай еңбек жәрмеңкесі біздің ауданымызда да өтіп, жыраулар үйінде түсіндірмелер жүргізілді.

Іс-шараға аудан тұрғындары, жастар, ардагерлер, үкіметтік емес ұйым өкілдері, депутаттар қатысты. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Ерқосаев жүргізіп, көпшілікке оның негізгі мақсатымен таныстырды.

Еңбек жәрмеңкесінде Абай облысы, Аягөз ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Жандос Аманов, Павлодар облысы, Екібастұз қаласының жұмыспен қамту орталығының маманы Зейнұр Ерланқызы, Қостанай облысы, Жетіқара ауданының жұмыспен қамту орталығының директоры Амангелді Ержанов, Ұлытау облысы, Жезқазған қаласының жұмыспен қамту орталығының директоры Болат Ахметжанов, Абай облысы, Курчатов қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының маманы Назгүл Төлеубаева, Көкпекті ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Айгүл Ботантаевалар сөз сөйлеп, өңірдегі бос жұмыс орындары туралы мағлұматтар берді. Сонымен қатар, жаңа тұрғылықты жерінде ерікті түрде өңіраралық қоныс аударуды мемлекеттік қолдау іс-шараларына кеңінен тоқталды. Атап айтқанда, мемлекет тарапынан қоныс аударуға субсидия беру, тұрғын үйді жалдау немесе жалға алу және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеу, жұмыс беруші жұмыскерге тұрғын үй-жай ұсынған жағдайды қоспағанда, тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй немесе жатақханалардан бөлме беру, 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық кәсіпкерлікті дамыту жобасы аясында қысқа мерзімді кәсіптік оқыту, жаңа тұрғылықты жерде жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, тағы басқасы қарастырылған. Егер де аталған бағдарламаға қызығушылық танытқандар болып жатса, тұрғылықты жердегі жұмыспен қамту орталығына хабарласуына болады.

Жиында келген қонақтар залдан қойылған сұрақ-сауалдарға жан-жақты жауап беріп, бүгінде жұмыс күші тапшы болып отырған Солтүстік өңірлерге келіп еңбек етуге шақырды.

Еңбек жәрмеңкесін аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Байназарұлы қорытындылап, кент, ауыл тұрғындарынан Солтүстік өңірлерге қоныс аударуға өтініш білдірушілерге әкімшіліктер және жергілікті халықты жұмыспен қамту орталығы қызметкерлері тарапынан сүйемелдеу жұмыстарын ұйымдастыру жоғары деңгейде өтеді деп сенім білдірді.
Сәрсенкүл АҚКІСІ
26 сәуір 2023 ж. 315 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 327

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 418

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930