» » «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты

«Еңбек» бағдарламасы аясында 328,5 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның 200,7 мыңы тұрақты жұмысқа тұрды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.


Бағдарламаның бірінші бағыты аясында қысқа мерзімді курстарға 15,2 мың адам жіберілді.
5,5 мыңнан астам адам өз ісін ашу үшін жеңілдікті микрокредиттер, ал 20,2 мыңы қайтарымсыз мемлекеттік гранттар алды.
Субсидияланатын жұмыс орындарына 155,7 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде: әлеуметтік жұмыс орындарына 16,6 мың адам; жастар практикасына – 21,4 мың адам; қоғамдық жұмыстарға – 117,4 мың адам.
Еңбек ресурстарының ұтқырлығы шеңберінде 1 342 отбасы немесе 4 571 адам қоныс аударды, оның ішінде 1 952 адам еңбекке қабілетті жаста болып табылады. Оның ішінде 1 329 адам жаңа тұрғылықты жерінде тұрақты жұмысқа орналастырылды және 111 адам кәсіпкерлік қызметпен айналысады, 5 адам оқуға жіберілді.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 649 мың адам қатысты. 437,3 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның 319,2 мыңы тұрақты жұмысқа тұрды. Жаппай кәсіпкерлікті дамытуға 12,7 мың микрокредит және жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 44,9 мың қайтарымсыз мемлекеттік грант берілді.
Қысқа мерзімді оқыту курстарына 18,7 мың адам жіберілді, ал ТжКБ ұйымдарында оқытумен 18,4 мың адам қамтылды.
Бұдан басқа, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шеңберінде жұмыс күші артық өңірлерден құрамында 5,8 мың адам бар 1,8 мың отбасы қоныс аударды.
15 қыркүйек 2021 ж. 617 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

05 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 342
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 121

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930