» » ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЖҮЙЕСІН ЦИФРЛЫҚ ФОРМАТҚА КӨШІРУ ЖОБАСЫ

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЖҮЙЕСІН ЦИФРЛЫҚ ФОРМАТҚА КӨШІРУ ЖОБАСЫ

Қармақшы ауданында 19 маусым күні Ш.Төлепов атындағы аудандық мәдениет үйінде әлеуметтік қолдау жүйесін цифрландыруға арналған оқыту семинары өтті.
Семинар жұмысына Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі жанынан құрылған «Отбасын қолдау орталықтарының қызметін жетілдіру жөніндегі жобалық кеңсенің» басшысы Сағындық Фарида Сағындыққызы, сондай-ақ әлеуметтік қолдау шараларын цифрлық форматқа көшіру бағытындағы жобаны іске асырып жатқан жобалық топ мүшелері қатысты.
Киелі Қармақшы мекенінде орналасқан қасиетті Қорқыт ата кесенесіне барып,құран бағыштап, музейімен танысты.
Семинарды Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Смағұлов Самат Қыдырбекұлы ашып, жүргізіп отырды. Оқыту жұмыстарына Қармақшы аудандық полиция бөлімі, аудандық орталық аурухана мен емхана қызметкерлері, мектеп директорлары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, әлеуметтік педагогтар, кент, қала және ауыл округі әкімдері, Мәдениет және Спорт бөлімдері мен аудандық «Отбасын қолдау орталығының" мамандары қатысты.
Жиын барысында салааралық мобильдік жұмысшы топ FSM Social жүйесінің артықшылықтары мен қызмет көрсету тәртібі жөнінде кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
FSM Social платформасының артықшылықтары кеңінен таныстырылды. Атап айтқанда, бұл жүйе:
* Әлеуметтік көмек көрсету үдерістерін ашық және әділ жүргізуге мүмкіндік береді;
* Қажеттіліктерді цифрлық деректер негізінде анықтауға жағдай жасайды;
* Адам факторының ықпалын азайтып, шешім қабылдауды жедел әрі дәл етуге көмектеседі.
Мобильді топ мүшелері үшін бұл — аса маңызды құрал. Олар FSM Social арқылы деректерді жедел енгізіп, көмекті шынайы қажет ететін азаматтарды нақты анықтай алады.
Түсіндірме жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатын болады.
Бұл цифрлық платформалар мемлекеттік қолдау шараларын көрсетудегі процестерді автоматтандыруға, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылын тиімді етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мобильді қосымшалар адами факторды азайтып, шешімдердің дұрыстығын арттырып, мамандардың жұмысын жеңілдетуге бағытталған.
Жиыннан соң, қадірлі қонақтарымыз орталықты да тыс қалдырмай, ғимаратымызға келіп орталық жұмысымен танысып, оң бағаларын берді.
Мұндай тәжірибелі кездесулер өңірлердегі әлеуметтік қызметкерлерге зор мотивация беріп, саладағы жаңа серпінді бастамаларға жол ашатыны анық.
20 маусым 2025 ж. 98 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930