Тағайындау

qarmaqshy-tany.kz Қармақшы ауданы әкімінің 2023 жылғы 19 шілдедегі өкімімен аудан әкімінің орынбасары қызметіне Смағұлов Самат Қыдырбекұлы тағайындалды.

Смағұлов Самат Қыдырбекұлы 1987 жылы 10 қарашада Қармақшы ауданы, Жосалы кентінде дүниеге келген.

2009 жылы Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша аяқтаған.

Алғаш еңбек жолын 2010 жылы Ақай ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы болып бастаған.

Одан кейінгі жылдары үздіксіз Төретам кенті әкімі аппаратының жетекші маманы, Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің Қызылорда облыстық Дін істері департаментінің бас маманы, Діни бірлестіктермен байланыстар бөлімінің басшысы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментінің қызметкері, Қармақшы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Қармақшы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымдарын атқарған.

2022 жылдың қыркүйек айынан бастап бүгінгі күнге дейін Қармақшы ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарып келді.

Самат Қыдырбекұлы алдағы уақытта аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жұмыстарын, ауданымыздың отын, энергетика, құрылыс, елді мекендерді көркейту-көгалдандыру, ауыз және аяқ сумен қамтамасыз ету, жұмылдыру даярлығы, төтенше жағдайлар мен қысқа дайындық жөніндегі мәселелерді үйлестіреді.

Сонымен қатар, аудандық қоғамдық даму бөлімі, аудандық мәдениет және спорт бөлімдерінің жұмыстарын қоса үйлестіретін болады.

21 шілде 2023 ж. 1 919 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 283

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 379

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930