» » АДАЛ ЕҢБЕК БАҚЫТҚА ЖЕТЕЛЕЙДІ

АДАЛ ЕҢБЕК БАҚЫТҚА ЖЕТЕЛЕЙДІ

Ауданымызда қарапайым қызметпен-ақ ел құрметіне бөленіп жүрген жандар жетерлік. Солардың бірі – Сәрсенкүл Оспанова. Ол – өз ісіне және қоғамға адал қызмет ететін адамның жарқын үлгісі. Кейіпкеріміз 1968 жылы 25 ақпанда ауданға қарасты Ақжар ауылында дүниеге келген.
1974-1984 жылдар аралығында осы ауылдағы №28 орта мектептен онжылдық білім алып шығады. Есеппен ерте бастан дос болған ол мектеп бітірген соң 1984- 1986 жылдар аралығында Семей қаржы-экономикалық техникумына түседі. Семейдегі бұл білім ошағы Қазақстан бойынша жоғары оқу орны сияқты тәртібі мен білімі жағынан даңқы шарықтап тұрған мықты оқу орнынан білім алғанын кейіпкеріміз мақтанышпен айтады. Ал жоғары білімі бойынша 2013 жылы Қызылордадағы «Ақмешіт» гуманитарлық техникалық институтының экономика және бизнес мамандығын меңгереді. Оқуды бітіргеннен кейін Жосалы кенті Сақтандыру мекемесі басшысы Ә.Лақбаевтың қарамағында 3 жылға жуық еңбек етеді. Кейін өзінің туған ауылы Ақжардағы Жеңісбек Жұбанбаев есімді азаматқа тұрмысқа шығып, қызметтік жолын сонда жалғастырады. Ауылда әдепкіде кітапханашы болады. Ал 1993 жылдан бастап ауылдық кеңесте есеп жүргізуші кассир, іс басқарушы, салық инспекторы, 2003 жылдан бастап Ақжар ауылдық округі әкімінің аппаратында бас маман қызметін атқарып келеді.
– 1993-2003 аралықтарында айлық тапшылығы болды. Сонда жалақым аз дегеніміз жоқ. Бухгалтерлікті де қосып атқардық, әкімшілікте барлық жұмысты 2-3 маман ғана жасайтын. Сөйтіп жүріп ауылдық округтерімізге туу туралы куәлік, неке қию туралы куәлік, қайтыс болу туралы хал актілік жазбаларды жүргіздік.
Қазіргі қызметімнің негізгі саласы мәдени іс-шараларды ұйымдастыру. Ауылдық округтегі барлық мәдени іс-шаралардың басы-қасында ұйымдастыру жұмыстарын жүргізіп келемін. Өзімнен кейінгі қызметтес іні-сіңілілеріме қызметтің қыр-сырын түсіндіру, жаңадан келген қызметшілердің сіңісіп кетуіне барлық күш-жігерімді салып келемін. Жалпы еңбек өтілім 40 жыл болса, оның ішінде мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілім – 20 жылдан асады екен, – дейді Сәрсенкүл Нақыбайқызы.
Сәрсенкүл апайымыз жолдасы Жеңісбекпен бірге үш қыз өсіріп, тәрбиеледі. Үлкені Зейнеп Көкшетауда балабақшада тәрбиеші, Айдана Қызылордадағы балабақшаның бірінде тәрбиеші, Ұлболсын Төребай би ауылында ауылдық клубта көркемөнерпаздар үйірмесінің жетекшісі болып еңбек етеді.
– Еңбек етпей, бақытқа қол жеткізу мүмкін емес. Себебі еңбек адамды тәртіпке, жауапкершілікке және шыдамдылыққа үйретеді. Сондықтан әр адам адал еңбек ету арқылы өз болашағын жақсарта алады, өміріне береке кіргізеді, – дейді ол.
Иә, Абай атамыз «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан» деген емес пе?! Сол секілді әр адам өзінің қалаған мамандығын таба білсе, еңбегі жанады, сол жолда бақытқа, құрметке бөленеді, еңбегінің жемісін жейді. Біздің бүгінгі әңгімелеген кейіпкеріміз де өмірден өз жолын тапқан, жұмысында жауапкершілігі жоғары, айналасына үлгі болған жанашыр жан.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
17 маусым 2025 ж. 123 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№49 (10417)

04 шілде 2025 ж.

№48 (10416)

01 шілде 2025 ж.

№47 (10415)

28 маусым 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 997
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031