Т.Көмекбаев ауылдық округі әкімі тағайындалды

Ғарышбек Бауыржанұлы Нысанбаев 1984 жылдың 1 қыркүйегінде Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Қуаңдария ауылында дүниеге келген.
Жосалы кентіндегі №121 орта мектепте білім алған.
2001-2005 жылдары аралығында Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінде «Тарих, құқық және экономика негіздері пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша жоғары білім алған.
2005-2007 жылдары Жосалы кентіндегі Ш.Уәлиханов атындағы №26 орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі болып ұстаздық еткен.
2007-2012 жылдар аралығында Қармақшы аудандық ішкі саясат бөлімінің әлеуметтанушы маманы, 2012-2015 жылдар аралығында Қармақшы аудандық ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы, 2015-2022 жылдары Қармақшы аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы болып қызмет жасаған.
2022-2023 жылдар аралығында Қармақшы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы, 2023-2024 жылдары бөлім атауының өзгеруіне байланысты Қармақшы аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы қызметін атқарған.