Топ-баннер
Топ-баннер2
» » «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» акциясы

«Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» акциясы

«Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» акциясы аясында «Қауіпсіз балалық шақ» тақырыбында кездесу өтті

Қармақшы ауданында «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» республикалық акциясы шеңберінде оқушылармен маңызды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның басты тақырыбы — балалардың құқықтарын қорғау және қауіпсіз балалық шақты қамтамасыз ету.

Кездесуге Қармақшы ауданының прокуратурасы прокуроры Сәду Әділет, Қармақшы жастар денсаулығын қорғау орталығының психологі Кетебаева Әмина, аудандық білім бөлімінің әдіскері Тоқшылықова Ақтолқын, Касимова Айнур Шакзадаевна Қармақшы АПб ЖПҚб ОТЗЗҚКт аға инспекторы, полиция майоры және Сайлауова Назгуль Багдатовна
“Отбасын қолдау орталығы” КММ психологы қатысты.

Спикерлер балалардың құқықтары, қауіпсіздігі және еңбекке заңсыз тартылуына жол бермеу туралы өзекті мәселелерді қозғады. Сонымен қатар, мамандар қатысушылармен ашық сұхбат жүргізіп, оқушылардың сауалдарына жауап берді және пайдалы кеңестерімен бөлісті.

Кездесу барысында балалар өз құқықтары мен міндеттері туралы құнды ақпарат алды. Іс-шара жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталды.

10 маусым 2025 ж. 214 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (10484)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (10483)

28 ақпан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 595
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 390

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031