» » ҚҰРБАН АЙТТАҒЫ ҚУАНЫШ

ҚҰРБАН АЙТТАҒЫ ҚУАНЫШ

Құрбан айт мерекесін күллі мұсылман қауым атап өтеді. Оның ішінде ауданымыздың мешіттерінде де бірқатар іс-шара ұйымдастырылып, ата-баба рухына дұға оқылды. Соның бірі – жексенбіде Иіркөл ауылдық округінде жергілікті тұрғындар мен қонақтарының қатысуымен «Оспан молда» мешіті жанынан 150 орындық асхананың ашылу салтанаты өтті.
әслихаттың төрағасы Әділ Қошалақов, аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков, ауданның бас имамы Нұрболат Рахматуллаев, ауылдық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Әлімбай Білжанов, «Оспан молда» мешітінің имамы Камал Тобжановтар құттықтау сөз сөйлеп, игілікті іске атсалысқан барша жанға алғыстарын білдірді.
Мұнан соң ауыл әкімі Жағыпар Төлегенов исі мұсылманның қасиетті мерекесімен құттықтай келе, игі істің басы-қасында болып, ұйымдастырушылық жұмыстарында белсенділік танытқан азаматтарға марапаттау рәсімін жасады.
Мереке одан әрі асхананың ашылу салтанатына ұласып, лентасы қиылды. Жаңа жайда дастарқан жайылып, жиылған жұрт дәмнен ауыз тиді. Ауданның бас имамы аруақтарға Құран бағыштап, айт мерекесінің маңыздылығына тоқталып, көпшілікке уағыз айтты. Сонымен қатар «Иіркөл» шаруа қожалығының төрағасы Дархан Әубәкіров ауыл үлкендеріне шапан жауып, құрмет көрсетсе, одан бөлек, 1967 жылғы мектеп түлектері Мейрамбек Нұрашев пен Мирамкүл Әбішова түлектер атынан ардагерлерге өздерінің сый-сияпатын жасап, ақжарма тілектерін арнады.
Игілікті шарада ұлттық, бұқаралық спорт түрінен түрлі жарыстар өтіп, қорытындысы шығарылды. Оған "Иіркөл" шаруа қожалығының демеушісі Ержан Шадимов және шаруашылық төрағасы Дархан Әубәкіров қолдау жасады. Сайыстар нәтижесінде жасөспірімдер арасында қазақша күрестен 1-орынды Мирас Қанибек, 2-орынды Нұрәлі Нұртаев, 3-орынды Абылай Ыбырай жеңіп алса, ересектер арасында 1-орыннан Рақымжан Амантай, 2-орыннан Кенесары Махмутов, 3-орыннан Рамазан Бимұратов көрінді. Қол күрес жарысы бойынша әйелдер арасында 1-орын Нұржау Дариповаға, 2-орын Гүлбақыт Шалмановаға, 3-орын Гүлжауһар Көпжасароваға бұйырса, ерлер арасында 1-орынға Рақымжан Амантай, 2-орынға Мейірхан Әбішов, 3-орынға Рүстем Алманов орнықты.
Спорттық іс-шараның кезекті түрі – 5 шақырымға жүгіру марафоны болды. Онда 1-орынды Бекзат Серіков, 2-орынды Мұрагер Жұматай, 3-орынды Батыржан Нұртаев еншілесе, қошқар көтеруден Жарқынбек Жұмағалиевтің бәсі биік шықты. Арқан тартыс бойынша 1-орынға «Бір атаның балалары» командасы, 2-орынға «1986 жылғылар» командасы және 3-орынға «1990 жылғылар» командасы ие болды.
– Мешіт жанынан асхана салу ауыл тұрғындарының көптен көкейінде жүрген іс еді. Сәті енді түсіп, қуанып жатқан жайымыз бар. Ас, құдайы жолы беретінде ойланып қалатынымыз бар болатын. Міне, ол мәселе де шешімін тауып, осы иіркөлдіктердің, ауылдан шыққан азаматтардың ауызбірлігінің арқасында қолданысқа беріліп жатыр. Аталған шаруаны ұйымдастырушыларға, көмек қолын созған баршаға риясыз алғыс білдіреміз, – дейді ауыл тұрғындары ризалық сезімде.
Тағы бір қосарлығы, «Жақсылық жасасаң, ауылыңа жаса» дегендей, 20 жылдық мектеп түлектері туған жерге сияпат ретінде елді мекеннің кіреберісіне «I Love you Иіркөл» жазуын сыйға тартқан.
Сәрсенкүл АҚКІСІ
10 маусым 2025 ж. 139 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930