» » «Самара-Шымкент» автожолын тексерді

«Самара-Шымкент» автожолын тексерді

Қызылорда облысы аумағынан өтетін «Самара-Шымкент» автожолында жол таңбалары сызылып және сапасы сыр берген бірнеше учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
Күре жолда көлік қозғалысы мен жолаушылардың қауіпсіздігі маңызды. Сондықтан, жыл сайын жол белгілері мен жол таңбалары талапқа сай жаңғыртудан өтеді. Әсіресе, түнгі мезгілде белгілер жарық қайтарғыш қасиетке ие болуы тиіс. Осыған орай, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ҚОФ мамандары тас жолдағы таңбалар мен белгілерді арнайы ретрорефлектометр құрылғысымен тексеріп, олардың талапқа сай жасалғанын анықтады. Мұнан бөлек, орталық қызметкерлері республикалық маңыздағы автожолдың орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатқан учаскесіне барып, құрылыс барысынан бірнеше сынама алды. Жолдың астыңғы қабатына төселетін қиыршық тастардың құрамы әрі қарай зертханалық тексеруден өтеді.
Жалпы «Самара-Шымкент» автожолы аймақтағы көлік ағыны жоғары өңірдегі негізгі күре жол. Күніне шамамен 10-15 мың көлік қатынайды. Сондықтан, орталық мамандары тарапынан тасжолға ұдайы бақылау жүргізіліп, әрбір атқарылған жұмыс жіті тексеріледі. Жол белгілері мен таңбалары талапқа сай жасалған. Бірнеше учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Оның да сапасы біздің бақылауымызда болады»,- дейді «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ҚОФ зертхана меңгерушісі Мағжан Қасымхан.
09 маусым 2025 ж. 113 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (10446)

14 қазан 2025 ж.

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 641
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 408

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031