» » Сағыныш деген

Сағыныш деген

Сағыныш деген – сарғайған сезім,

Жүрекке маза бермейтін.
Санамда сайрап, өткен бір кезім,
Тулатып жанды тербейтін.
Сағыныш деген – ұлы бір сезім,
Бәрі сезіне бермейтін.
Кеудеден кетіп тағатсыз төзім,
Таба алмас дауа емдейтін.
Сағыну деген – ғажап бір сезім,
Шын ғашық ұға алатын.
Еске алып ессіз бақытты кезін,
Жүрекке медет табатын.
Сағыныш деген – жібектей нәзік,
Үзілсе, қайта жалғанбас.
Сезімсіз адам – соқырдай ғәріп,
Өмірден орын таба алмас.
Сағыну деген – екі жүректің,
Тілдесуі ғой үн қатып,
Сарсаңға салған мына заманда,
Сағына білу – бір бақыт.
Сағыныш деген – бағалы сыйлық,
Қадірін білсең қолдағы.
Бір ауыз сөзден бәрін түсінем,
«Сағындым» десең болғаны...

Гүлнұр БЕКТҰРАРҚЫЗЫ
07 маусым 2025 ж. 1 950 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 442

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30