» » ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРІНІҢ ТОПЫРАҒЫ ТУҒАН ЖЕРІНЕ ТАБЫСТАЛДЫ

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРІНІҢ ТОПЫРАҒЫ ТУҒАН ЖЕРІНЕ ТАБЫСТАЛДЫ


Бүгін Жосалы кентіндегі Тағзым алаңында ерекше рухани маңызы бар тарихи шара өтті. Екінші дүниежүзілік соғыста ерлікпен қаза тауып, ұзақ жылдар бойы хабарсыз кеткен жерлесіміз – Аштанбай Сағындықовтың туған топырағы Ресей Федерациясы, Ленинград облысы, Кириш ауданындағы бауырластар зиратынан туған жеріне жеткізіліп, ресми түрде табысталды.

Бұл шара Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлының қолдауымен және Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығының үйлесімді жұмысының нәтижесінде жүзеге асты.

Майдангер Аштанбай Сағындықов 1909 жылы Қармақшы ауданында дүниеге келген. 1942 жылы аудандық әскери комиссариат арқылы майданға аттанып, 1943 жылдың қаңтарында Ленинград майданында ерлікпен қаза тапқан. Бауырластар зиратына жерленген боздақтың есімі араға сексен жылдан кейін қайта жаңғырып, туған топырағы елге жеткізілді.

Салтанатты рәсім барысында алғашқы сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Самат Смағұлов бұл оқиғаның ел жадында сақталар елеулі сәт екенін атап өтіп, батыр бабамыздың есімі ел есінде мәңгі сақталатынын жеткізді.

Мұнан соң облыстық жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Марат Құрманбаев, Жалағаш және Қармақшы аудандық ардагерлер кеңестерінің төрағалары, майдангердің қызы Аштанбаева Төлеген апа тебіреніспен сөз сөйлеп, жауынгер рухына құрмет білдірді.

Шара соңында топырақ салынған қорап арнайы әскери құрметпен Жосалы кентіне қарасты «Бодан» зиратына жөнелтілді.

31 мамыр 2025 ж. 132 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930