» » ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Өрт – адамзаттың тілсіз жауы. Жаздың ыстық ауа райы орман алқаптарында өрттің өршуіне бірден-бір себеп. Әсіресе дала өрті табиғатқа және мемлекетке орны толмас шығын әкеледі. Осы орайда табиғи апаттың алдын алу мақсатында жыл сайын елімізде оқужаттығу жиыны өткізіледі.
Жақында аудан әкімінің орынбасары Айдын Әнуар орман-дала өрттерінің алдын алу және жою бойынша өткізілген республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуға қатысып, техникалардың жайкүйін тексерді.
Аудандық төтенше жағдайлар бөлімімен ұйымдастырылған шараға аудан әкімдігі, орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі, №10 өрт сөндіру бөлімі, полиция бөлімі, жедел жәрдем қызметі, сондай-ақ ауылдық округтердегі ерікті өрт жасақшылары жұмылдырылды.
Оқу-жаттығудың мақсаты – өрт сөндіруші қызметкерлерге өртті сөндіру әдістерін үйрету және өрт кезіндегі іс-қимылды жақсарту бойынша практикалық жұмыстар жүргізу.
Жиында аудан әкімінің орынбасары оқу-жаттығудың өткізілу барысын, өрт оқиғасы орын алған кезде оны жоюға жұмылдырылатын азаматтық қорғау қызметтері мен құрылымдардың әзірлігін көріп, бағасын берді.
– Бүгінде ауа райының қолайсыздығы мен адами факторлардың әсерінен жан-жағымызда өрттердің өршуі көбейіп жатыр. Әсіресе орман өрті табиғатқа орасан зор кесірін тигізсе, қоғамға үлкен шығын әкелуде. Осы апаттардың алдын алу мен оны болдырмау мақсатында жыл сайын еліміз оқужаттығу жиынын өткізіп, күштік құрылымды тексеріп отырады. Біз де осыған әрқашан дайын болуымыз керек. Өрт қауіпсіздігін сақтауда тұрғындар арасындағы түсіндірме жұмыстарын көбірек жүргізу қажет, – деді аудан әкімінің орынбасары А.Әнуар.
Оқу-жаттығудың жоспары бойынша дала өрті оқиғасы туралы шұғыл хабар келіп, өрт сөндіру бөлімі мен орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің қызметкерері оқиға орнына дереу жетті. Оқиға орнында жедел-штаб құрылып, өртті ауыздықтауға әрекет жасалды. Ал апаттан зардап шеккендерге жедел жәрдем қызметі көмек көрсетті. Осылайша төтенше жағдайдың беті қайтарылып, өрттің ұлғаюына жол берілмеді.
Жиынға барлығы 15 бірлік техника, 62 адам жұмылдырылды. Осылайша күштік құрылымдардың әзірлігі сақадай сай, техникалары апатты жағдайға қауқарлы деген оң баға берілді.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
28 мамыр 2025 ж. 39 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№39 (10407)

27 мамыр 2025 ж.

№38 (10406)

24 мамыр 2025 ж.

№37 (10405)

20 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 836
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031