» » “ӨРТ - 2025” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТТІ

“ӨРТ - 2025” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТТІ


Өрт – адамзаттың тілсіз жауы. Ыстық ауа райы орман алқаптарында туындайтын өрттің санын одан сайын арттырады. Әсіресе, дала өрті – табиғатқа және мемлекетке орны толмас шығын әкеледі.

Осы орайда аудан әкімінің орынбасары А.Әнуар орман-дала өрттерінің алдын алу және жою бойынша өткізілген республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуға қатысты.

Қармақшы аудандық төтенше жағдайлар бөлімімен ұйымдастырылған шараға аудан әкімдігі, орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі, №10 өрт сөндіру бөлімі, полиция бөлімі, жедел жәрдем қызметі, сондай-ақ, ауылдық округтердегі ерікті өрт жасақшылары жұмылдырылды.

Оқу-жаттығудың мақсаты – өрт сөндіруші қызметкерлерге өртті сөндіру әдістерін үйрету және өрт кезіндегі іс-қимылды жақсарту бойынша практикалық жұмыстар жүргізу.

Аудан әкімінің орынбасары оқу-жаттығудың өткізілу барысын арнайы барып көріп, өрт оқиғасы орын алған кезде оны жоюға жұмылдырылатын азаматтық қорғау қызметтері мен құрылымдардың әзірлігін тексерді.

Оқу жаттығуға бардығы 15 бірлік техника, 62 адам жұмылдырылды.

23 мамыр 2025 ж. 450 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10498)

25 сәуір 2026 ж.

№29 (10497)

21 сәуір 2026 ж.

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 963
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 599

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930