» » АРДАҚТЫ АЗАМАТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

АРДАҚТЫ АЗАМАТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ


Еңсесі биік ел іргесі мен келешек ұрпақ жолының әрдайым ашық болуын тілейтін, елімізді тұтас бірлікке үндейтін аға буындарымыз қашан да құрметке лайық. Осыған орай, аудан әкімі Жандос Еркінбек Қармақшы ауданының Құрметті азаматтары Ерболат Ұзақбаев пен Қуанышбек Ахметовты 75 жасқа толған мерейтойларымен құттықтады.

Сыр елінде абыройлы қызмет атқарып, ел мүддесін алдыңғы орынға қояр арда азаматтарды дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған бұл жиын, адал еңбегімен халықтың ыстық ықыласына бөленген, өнегелі істердің ұйытқысы бола білген ардақты ағаларымыздың құрметіне арналды.

Ерболат Ұзақбаев 1950 жылы 1 мамырда Қармақшы ауданында дүниеге келген.
Алғашқы еңбек жолын 1974 жылы аудандық байланыс торабы бастығының орынбасарлығына тағайындалып, жауапты қызметтер атқарған.
Қазіргі уақытта «Жосалы кенті ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы. Аудандағы медиаторлар тобының жетекшісі. Қармақшы ауданының Құрметті азаматы. «Қазақстан Республикасының Құрметті байланысшысы» атағымен марапатталған.

Ахметов Қуанышбек Ахметұлы 1950 жылы мамырдың 1 жұлдызында Қармақшы ауданы Жосалы кентінде дүниеге келген.
Алғашқы еңбек жолын 1973-1977 жылдары аудандық ауылшаруашылық басқармасында аға зоотехник болып бастап, түрлі жауапты қызметтер атқарған. Еңбегі еленіп, Қазақстан Республикасының «Ерен Еңбегі үшін», Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл медалімен және облыс, аудан әкімдерінің бірнеше мәрте алғыс хаттарымен марапатталған. Қармақшы ауданының Құрметті азаматы.

Аудан әкімі ардагерлерді мерейлі жасымен құттықтап, олардың ел мен өңір дамуына қосқан үлестерін ерекше атап өтті.
"Сіздердің еңбектеріңіз – бүгінгі ұрпаққа өнеге. Ел ішіндегі ынтымақ пен бірліктің, тұрақтылық пен дамудың негізі – аға буын өкілдерінің даналығы мен парасаты," – деп, ардагерлерге естелік сыйлықтар табыстап, халқымыздың игі дәстүріне сай иықтарына шапан жапты.

Ардагерлер өз кезегінде көрсетілген құрмет үшін аудан басшылығына ризашылықтарын білдіріп, елдің жарқын болашағы үшін еңбек етіп жатқан жастарға сәттілік тіледі.

09 мамыр 2025 ж. 321 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930