» » Ұлағатты ұстаз атындағы олимпиада

Ұлағатты ұстаз атындағы олимпиада

Егемен еліміздің мәдениеті мен тағылымды тарихын тереңнен танып түгендеу, туған өлкеміздің, атабабаларымыздың өткенін білу – әрбір азаматтың парызы. Туған өлкенің тарихын оқушылармен бірлесе зерттеу бағытындағы жұмыстарды 1960-жылдары алғашқылардың бірі болып жүргізген КСРО «Білім беру ісінің үздігі», ұлағатты ұстаз, тарих пәнінің мұғалімі Сәден Нұртаев болатын.
2018 жылдан бері Қызылорда облысы бойынша кәсіби даму институты Қазақстан тарихы пәнінен 9-10 сынып оқушылары арасында КСРО «Білім беру ісінің үздігі», ұлағатты ұстаз Сәден Нұртаев атындағы цифрлық форматтағы республикалық олимпиаданы өткізіп келеді.
Осы орайда Ақжар ауылындағы №28 орта мектепте 9-10 сынып оқушылары арасында білім саласының ардагері, ұлағатты ұстаз Сәден Нұртаев атындағы Қазақстан тарихы пәнінен республикалық деңгейдегі олимпиада өтті. Оның мақсаты – оқушылардың Қазақстан тарихы пәніне деген интеллектуалды-шығармашылық қабілеттерін айқындау және дамыту, дарынды оқушыларды қолдау, оқушылар арасында ғылымға деген қызығушылықты арттыру.
Олимпиадаға Түркістан облысы мен Қызылорда өңірінің аудандарынан келген 22 оқушы қатысып, білімдерін сынға салды. Сайыс академиялық адалдықты сақтау және ашық форматта өткізу қағидасымен дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.
Жас білімгерлер сайысында «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов ұлағатты ұстаз Сәден Нұртаевтың өмірі мен еңбек жолы туралы айтып өтіп, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың арнайы құттықтауын жеткізді. Салтанатты жиында Қызылорда облысы бойынша Кәсіби даму институты директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Сәкен Серікбаев, С.Нұртаевтың ұрпақтары атынан Рзақұл Нұртаев, аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлзира Абдазиева құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Білім бәсекесінің республикалық кезеңі 3 тур бойынша өткізілді. Ұпай қорытындысымен жоғары балл жинаған қатысушылар жеңімпаз атанды. Республикалық олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен, қаржылай сыйақымен марапатталды. Сондай-ақ сайысқа қатысушылардың барлығына алғыс хаттар мен сертификаттар табыс етілді.
«ҚТ» ақпарат
03 мамыр 2025 ж. 387 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10400)

03 мамыр 2025 ж.

№31 (10399)

29 сәуір 2025 ж.

№30 (10398)

26 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 700
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031