» » СӘДЕН НҰРТАЕВ АТЫНДАҒЫ ДӘСТҮРЛІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ӨТКІЗІЛДІ

СӘДЕН НҰРТАЕВ АТЫНДАҒЫ ДӘСТҮРЛІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ӨТКІЗІЛДІ


Ақжар ауылы №28 орта мектебінде 9–10 сынып оқушылары арасында білім саласының ардагері, ұлағатты ұстаз Сәден Нұртаев атындағы Қазақстан тарихы пәнінен республикалық деңгейдегі олимпиада өткізілді.

Олимпиадаға Түркістан облысы мен Қызылорда өңірінің аудандарынан келген 22 оқушы қатысып, білімдерін сынға салды. Сайыс академиялық адалдықты сақтау және ашық форматта өткізу қағидасымен 6 жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.

Олимпиаданың жүргізілу шарасын «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Қызылорда облысы бойынша Кәсіби даму институты қолға алды.
Салтанатты жиында Қызылорда облысы бойынша Кәсіби даму институтының директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Сәкен Кәрбозұлы Серікбаев,С.Нұртаев ағайдың ұрпақтары атынан Нұртаев Рзақұл Сәденұлы,
Қармақшы аудандық білім бөлімінің басшысы Абдазиева Гульзира Мәжитқызы құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Биылғы олимпиадаға Түркістан және Қызылорда облыстарынан келген оқушылар қатысып, білімдерімен бақ сынасты.

Олимпиада қорытындысымен жеңімпаз атанған оқушыларға қаржылай түрде сертификаттар мен марапаттар берілді.

01 мамыр 2025 ж. 479 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 755
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 121

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 481

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930