» » АСҚАҚ АРМАНҒА ҚОЛ СОЗҒАН ЖАС АҚЫННЫҢ АЛҒАШҚЫ КІТАБЫ

АСҚАҚ АРМАНҒА ҚОЛ СОЗҒАН ЖАС АҚЫННЫҢ АЛҒАШҚЫ КІТАБЫ



Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейінде 11 сынып оқушысы, мектеп мақтанышы, Қызылорда облысының жыл үздігі, республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері Орынбасар Ердаулеттің білім ошағымыздың қолдауымен жарық көрген «Адастырма, арманым» атты алғашқы шығармалар жинағының тұсаукесері өткізілді.
Айтылмыш шараға ҚР Журналисттер одағының мүшесі Нәзікбаев Дастан Мырзабекұлы,білім саласының үздігі,ардагер-ұстаз Мұнарбаева Гүлжахан Жұмағалиқызы, аудандық кітапханалар желісінің директоры Қаниева Гүлшара Бөгенбайқызы, аудандық «Қармақшы таңы» газетінің редакторы Сәрсенкүл Жаудатбекқызы, аудандық білім бөлімінің әдіскері Жұмаева Мөлдір Нұрмұратқызы, аудандық қоғамдық даму бөлімінің қызметкері Рахат Бахытжан арнайы қатысты.
Шара автор туралы бейнероликпен бастау алды. Жас ақын туралы мектеп мұғалімдерінің естеліктері топтастырылған бейнеролик көрсетілген соң, кеш қонақтары Ердаулетті қошеметпен қарсы алды. Содан соң, мектеп оқушылары дайындаған әдеби монтаждар легі көрермен назарына ұсынылды.
Әдеби монтаждан соң сөз алған жас қаламгер жаңа жинағынан өрнекті өлеңдерін оқып, шығармашылығы туралы аз-кем ой қозғады. Автор толғанысынан кейін шара сөз алған қонақтардың елеулі естеліктері мен жылы лебіздері арқылы жалғасын тапты. Аудандық білім бөлімінің әдіскері М. Жұмаева бөлім басшысының алғыс хаты мен арнайы сыйлығын табыстап, Гүлзира Мәжитқызының құттықтауын жеткізді.
Ақын Дастан Мырзабекұлы мен ардагер-ұстаз Гүлжахан Жұмағалиқызы жас жүйрікке ақ тілегін айта отыра, кітаптың тұсауын кесті. Шара соңында мектеп мұғалімдері мен жас ақынның қатарлас достары құттықтауларын жеткізіп, арнайы сыйлықтарын табыс етті.
Ердаулеттің тырнақалды туындыларынан құралған кітаптың тұсаукесері жоғары деңгейде өткізіліп, жас ақынға серпіліс сыйлап, көрерменге рухани күш берді.

14 сәуір 2025 ж. 590 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№98 (10466)

23 желтоқсан 2025 ж.

№97 (10465)

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 132
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 783

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031