» » ШЕБЕР ОҚЫТУШЫЛАР СЫНҒА ТҮСТІ

ШЕБЕР ОҚЫТУШЫЛАР СЫНҒА ТҮСТІ

Еліміздегі жұмысшы мамандар даярлауда кəсіптіктехникалық колледждердің үлесі жоғары. Осыған орай жуырда аудандық аграрлы-техникалық колледжде «Үздік өндірістік оқыту шебері – 2025» байқауы болып өтті. Байқаудың мақсаты – өндірістік оқыту шеберлерінің педагогикалық шеберлігі мен шығармашылығын жетілдіру, мамандығының беделін арттыру, озық педаго гикалық тәжірибені насихаттау.
Бүгінгі таңда білім беру үдерісін ақпараттандыру арқылы оқыту, өндірістік оқыту процесінде коммуника циялық технологиялар мен оқытудың заманауи əдіс-тəсілдерін қолдану өте маңызды. Шебер оқытушылар сынға түскен байқау 4-кезең бойынша ұйымдастырылды. Аталған додада колледждің əлеуметтік серіктестіктері болып табылатын мекеме қызметкерлері қазылық етті.
Байқау нəтижесінде І орынды «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша өндірістік оқыту шебері Нұрлан Ділманов қанжығасына байласа, ІІ орынды «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойын ша өндірістік оқыту шебері Гүлнұр Алиева иеленді. Ал жүлделі ІІІ орынға «Электр жабдықтары (түрлері және сала лары)» мамандығы бойынша өндірістік оқыту шебері Аманкүл Қартаңбаева жайғасып, марапат биігінен көрінді.
«ҚТ» ақпарат
08 сәуір 2025 ж. 422 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10498)

25 сәуір 2026 ж.

№29 (10497)

21 сәуір 2026 ж.

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 963
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 599

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930