» » «Үздік өндірістік оқыту шебері - 2022» колледжішілік байқауы

«Үздік өндірістік оқыту шебері - 2022» колледжішілік байқауы

qarmaqshy-tany.kz Кəсіби мамандар даярлауды мақсат еткен кəсіптік-техникалық колледждердің инженер-педагогтарына қойылар талап та жоғары. Еліміздегі жұмысшы мамандар даярлауда кəсіптік-техникалық колледждердің үлесі үлкен. Бүгінгі таңда білім беру үдерісін ақпараттандыру арқылы оқыту, өндірістік оқыту процесінде коммуникациялық технологиялар мен оқытудың заманауи əдіс-тəсілдерін қолдану өте маңызды.
Осы орайда 2022 жылдың 21 – желтоқсан күні Қармақшы аграрлы техникалық колледжінде "Үздік өндірістік оқыту шебері-2022" колледжішілік байқауы болып өтті. Дəстүрлі кəсіби байқауда бақ сынасқан өндірістік оқыту шеберлері 4-кезең бойынша сынға түсті.
Байқауға колледж директоры Б.Сайдулла және «Альбер» автотехникалық қызмет көрсету бекетінің басшысы Б.Әлментаев қатысып өндірістік оқыту шеберлеріне жылы лебіздерін білдіріп, сәттілік тіледі.
Байқау нəтижесінің қортындысы бойынша «Үздік өндірістік оқыту шебері-2022» байқауының жеңімпазы Қалымбетова Лаура Дайрбекқызы атанып, марапатталды.
Бүгінгідей нарықтық қатынастар уақытында бəсекеге қабілетті мамандар даярлау кезек күттірмейтін қызмет. Олай болса мықты мемлекеттің басты капиталы білікті мамандар даярлауды мақсат еткен, үздіктер қатарынан көрінген өндірістік оқыту шеберлерін құттықтай отырып шығармашылық табыс тілейміз.
22 желтоқсан 2022 ж. 601 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 074
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 735

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031