Құрылтай
» » Ұлттық спорт - ұлттық құндылық

Ұлттық спорт - ұлттық құндылық


Наурыз мерекесіне орай, Қармақшы ауданы полиция бөлімінің ауласында ұлттық спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылды. Яғни, полицейлер гір тасын көтеру, қол күрес, арқан тарту және ләңгі тебу ойындарынан бақ сынады. Кәсіби шеберліктері мен жеңіске деген күш-жігерлерін ортаға салды.
Нәтижесінде ләңгі тебу бойынша І орынды полиция аға лейтенанты Жұбатыр Ғалым, ІІ орынды полиция майоры Исмайлов Жасулан, ІІІ орынды полиция аға сержанты Жалдыбаев Абзал иеленді.
Гір тасын көтеру бойынша І-орынды полиция майоры Әбдіқасов Еркін, ІІ орынды полиция капитаны Ермаханов Қуандық, ІІІ орынды полиция старшинасы Қабылов Еркін иеленді.
Ал қол күресінен І орынды полиция капитаны Алимбаев Мақсат, ІІ орынды тағылымдамашы Аманкелдиев Дамир, ІІІ орынды полиция майоры Әбдіқасов Еркін иеленді.
Тартысты өткен арқан тарту сайысы бойынша І орынды УПП 1 командасы, ІІ орынды Уақытша ұстау изоляторы командасы, ІІІ орынды УПП 2 командасы иеленді.
Өз кезегінде жеңімпаздар бөлім бастығының Дипломдарымен және медальдармен марапатталды.

26 наурыз 2025 ж. 449 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 656
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 113

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31