» » ҚАРМАҚШЫДА КӨКТЕМГІ КӨГАЛДАНДЫРУ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

ҚАРМАҚШЫДА КӨКТЕМГІ КӨГАЛДАНДЫРУ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Наурызнама он күндігі «Тазару күнімен» қорытындыланып, еліміз бойынша ағаш отырғызу акциялары мен жаппай сенбіліктер ұйымдастырылды.

Қармақшы ауданында өткен экологиялық шара аясында жастар саябағында көшеттер отырғызылып, санитарлық-тазалық жұмыстары жүргізілді. Акцияға аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат төрағасы, мекеме және кәсіпорын басшылары, ардагерлер, жастар мен үкіметтік емес ұйым өкілдері белсенді қатысты.

Аудан әкімінің орынбасары Шыңғыс Әбділәмитұлы шараға қатысушыларды Наурыз мерекесімен құттықтап, бұл игі бастаманың табиғатты қорғау мен экологиялық мәдениетті дамытудағы маңызын атап өтті. Сонымен қатар, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Шегебай Құндақбаев бата беріп, шараның берекелі болуын тіледі.

Шара барысында 100-ге жуық жас көшет егілді. Сонымен қатар, акция ауданның барлық елді мекендерінде жалғасын тауып, жалпы 300-ден аса ағаш отырғызылып, көктемгі сенбілік жұмыстары қарқынды жүргізілді.

23 наурыз 2025 ж. 372 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 806
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 506

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930